Өңір тынысы

Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс

2024-05-10


Менің нағашы атам Қуатбек ДОСАЕВ, 1897 жылы Үшарал ауылында дүниеге келген. Мал шаруашылығы саласында еңбек еткен. Майданға 45 жасында, яғни 1942 жылы ҚаЗССР, Алматы облысы Октябрь ауданының (қазіргі - Жетісу облысы, Панфилов ауданы) әскери комиссариатынан аттанған. Мұрағаттық құжаттарда майданға аттанған елді мекеннің аты, отбасылық жағдайы, яғни жұбайы Әлтай Досаева деп көрсетілген.

Толығырақ: Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс

Жетісудағы меншікті басқару: ашықтық және нәтижелілік

2024-05-06


Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Жетісу облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Қамзин коммуналдық меншікті басқару саласындағы жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

Толығырақ: Жетісудағы меншікті басқару: ашықтық және нәтижелілік

Электр желілеріне қосылу тәртібі

2024-05-02


 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және электр энергиясын пайдалану қағидаларымен (бұдан әрі – қағидалар) реттелетінің  туралы хабарлайды.

Толығырақ: Электр желілеріне қосылу тәртібі

"ҚОРҒАС-СЕРВИС" -ге МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

2024-05-03


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (Департамент) мемлекеттік заңды тұлға — «Қорғас-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Серіктестік) әкімшілік айыппұл салды.

Коммуналдық меншікке 100% тиесілі Серіктестік ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысында көрсетілген белгіленген ережелерге қайшы әрекет етті. Осы қаулы акциялары елу пайыздан астам мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар үшін қызмет түрлерінің тізбесін айқындайды.

Департаменттің бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасына қарамастан, Серіктестік өз қызметін талаптарға сәйкес келтірмеді, бұл әкімшілік жазаға әкелді. Жауапқа тарту туралы шешім соттың бірінші және апелляциялық сатыларында қаралып, Департаменттің іс-әрекеттерінің заңдылығы расталды.

Департаменттің нұсқамасын орындамағаны үшін 1 242 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Толығырақ: "ҚОРҒАС-СЕРВИС" -ге МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

2024-04-30


Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел әкілі Ербол Құрманбаев бөлісті.

Толығырақ: Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4183843