Өңір тынысы

САРЫ ҚЫМЫЗ САПЫРЫП...

       Сан мың жылдардан бері қалыптасқан салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, ұлтымыздың өмір сүру тәжірибесі – бүгінге бейімдейтін, өткенге аманаттайтын құндылықтарымыз. Сол себепті де оны қастерлеп, өзіндік болмыстың бір белгісі ретінде басқаға паш ете аламыз. Сондай ұлттық ерекшеліктеріміздің бір сипаты – қымызмұрындық.

Толығырақ: САРЫ ҚЫМЫЗ САПЫРЫП...

ӘЛИХАННЫҢ ШЫҒАР БИІГІ АЛДА

        Ауданымыздың тағы бір жеткіншегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы атанды.

         Грек-Рим күресі  бойынша Иранда өткен жарысқа қатысқан жерлес  балуанымыз Әлихан Далабай өз салмақ дәрежесі бойынша чемпиондыққа қол жеткізді. Ауданымыздағы  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі көкталдық Әлиханның жаттықтырушысы ауданымызға белгілі бапкер Іленұр Барманбеков еді. Көктал орта мектебінде оқып жүріп, жаттығу  жұмыстарына белсене қатысқан жас балуан Азия ойындарының чемпионы атанды.

Толығырақ: ӘЛИХАННЫҢ ШЫҒАР БИІГІ АЛДА

Құрылыс алаңдарында болды

Депутат және өмір

                Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазов ауданымызға келген болатын. Шілде айының 17-і күні халық қалаулысы аудан әкімі Темірлан Бектасовпен кездесіп,   іссапармен келгендегі жұмыс        жоспарымен таныстырды.

Толығырақ: Құрылыс алаңдарында болды

Есімі - елдің есінде

        Жазиралы Жаркент жері ежелден кемел тұлғалар мен көрнекті азаматтар көп шыққан  қасиетті өңір.

        Мәселен, Ұлы Отан соғысында сегіз бірдей жерлесіміз қаһармандық танытып, Кеңес Одағының Батыры атанды. Бейбіт өмірде ерекше еңбегімен көзге түскен тоғыз еңбеккеріміз Кеңестік дәуірдегі ең жоғарғы марапат – Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Толығырақ: Есімі - елдің есінде

Құрылыс қарқын алып келеді

       Үлкеншыған ауылындағы 300 орынды орта мектепке қосымша тағы 300 орынды мектеп құрылысы жалғастырылып салынуда.Құрылыс жұмысы 2017 жылдың тамыз айында басталған  болатын. Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 103 адам жұмыс жасауда. Мектеп құрылысын 2018 жылдың тамыз айында аяқтауды көздеген болатын. Қарқын алған құрылыс жұмысын «Болашақ-МА» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізуде.

Толығырақ: Құрылыс қарқын алып келеді

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4202000