Алиментті уақытылы төлеу – парыз

2024-04-26


Елімізде бала алдындағы жауапкершіліктен жалтаратындар қатары көбейіп, алимент бойынша қарыз артқан.
Сондай-ақ, перзенті үшін материалдық жауапкершіліктен қашып, дүние-мүлкін ата-анасының немесе басқа да туыс-таныстарының атына жазғызып алып, яғни айлығын ең төменгі мөлшерінде көрсетіп, алимент төлемеу үшін түрлі айлаға баратын әкелерде көп-ақ. Бала алдындағы ата-ананың қарызын өтеу үшін, соттан келіп түскен сот бұйрығы немесе атқару парағы негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы құжаты негізінде, қаулы шығарылып, борышкерге жеке сот орындаушысына келу туралы хабарлама жолданады. Борышкер жұмыссыз болған жағдайда ХЖҚО-на тіркелуге хабаралама табыс етіледі.


Ал егер борышкер сот орындаушысының шақыруына келмей немесе 3 айдан астам балаларына алимент төлемеген жағдайда банк шоттарын, мүлкіне тыйым салу шаралары қолданылады және талапкердің арызы негізінде сотқа борышкерді ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1 тармағына сәйкес сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамаған үшін әкімшілік жауапркершілікке тартылады, ҚР ҚК-нің 139- бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көрсетілген. Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілтесіз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы- екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге жазаланады.
Ұлттық статистика бойынша 2024 жылғы орташа айлық жалақы мөлшерi ай сайын 1 балаға 1/4 -87678 теңге, 2 балаға 1/3- 115735 теңге, 3 балаға 1/2-175357 теңгені құрайды.
М.Шагиров,
Жетісу облысы атқарушылық
округінің жеке сот
орындаушысы.