Адам және қоғам

Кепілдік өтемақының талап етілмеген сомасы ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ ашылған ЕЗЖ-ға аударылады

2022-05-20


2022 жылдың 1 мамырынан бастап«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-да (ҚДКБҚ) бір жыл ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем ақшасы БЖЗҚ-да депозит иелерінің атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аударылатын болады.

Толығырақ: Кепілдік өтемақының талап етілмеген сомасы ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ ашылған ЕЗЖ-ға аударылады

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданылғаннан бері зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі жинақталған инфляциядан 117,84% асты

2022-05-19


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 13,0 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың  зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

Толығырақ: Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданылғаннан бері зейнетақы активтерінің жинақталған...

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы БЖЗҚ жұмысын жоғары бағалады

2022-05-17


Мамыр айының басында Эстония астанасы Таллинн қаласында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) Good Practice Award for Europe 2022 марапатын алуға арналған байқау қорытындысыжарияланды. «Озық тәжірибесі үшін ХӘҚҚ марапаты – бұләлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің жұмыс әдістерін жақсартудағы қажырлы еңбегі мен жетістіктері үшін берілетін құрметті мадақ. Сыйлық ХӘҚҚ-ға мүше ұйымдардың әлеуметтік қамсыздандыруды басқару саласындағы озық тәжірибесін мойындап, әрі мекемелерге өзінің өзекті әкімшілік бастамалары мен инновациялық шешімдерін жаһандық аудиторияға ұсынуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, 2008 жылы іске қосылған сәттен бастап озық тәжірибе үшін марапатқа 1,200-ден астам өтінім келіп түсті, бұл өтінімдер барлық аймақтағы мүше ұйымдардың операциялық және әкімшілік жетістіктерінің ауқымын көрсетті», - деп атап өтті қауымдастық өкілдері.

Толығырақ: Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы БЖЗҚ жұмысын жоғары бағалады

1 сәуірден кейін БЖЗҚ қанша салымшысы зейнетақы жинақтарын пайдаланды?

2022-05-18


2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4млн теңге.

Толығырақ: 1 сәуірден кейін БЖЗҚ қанша салымшысы зейнетақы жинақтарын пайдаланды?

Шекара сендерді күтеді

17.05.2022


Ағымдағы жылдың 15 мамырында ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің шекара басқармаларында «Көктем-2022» шақырылымының жас сарбаздары Әскери Ант қабылдады.

Тоқталар болсақ, полковник А.Каюпов басқаратын Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек, Алакөл ауданы бойынша шекара басқармаларының Әскери Ант қабылдау рәсіміне сарбаздардың ата-ана, туғандары мен достары қатысып, болашақ шекарашылардың төл қуаныштарымен бөлісті.

Толығырақ: Шекара сендерді күтеді

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4202000