Жеке сот орындаушылардың институтының дамуы

09.11.2018 жыл

Баршамызға мәлім, 2015 жылдың 5 мамырында Астана қаласында өткізілген Қазақстан  Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекет алдында бес институционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатын қойды.

    Осы реформалар шегінде бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» белгіленген.

    Негізгі реформалардың бірі - «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» болып табылады. Осы реформа жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамытуды және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқартуды көздейді.

    «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамын жүзеге асыру қазіргі таңда біздің де облысымызда қарқынды түрде жүргізілуде. Аталмыш «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамын жүзеге асыру барысында сот орындаушыларына қатысты заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

    Күшіне енген заңнамада халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес келетін қағидалар белгіленіп, күші жойылған заңнамалардың кемшіліктері ескерілген.

    Қабылданған өзгерістер мен толықтырулар негізінде жеке сот орындаушылары мен мемлекеттік сот орындаушыларының құзыреті елеулі түрде бөлуге бағытталып, ары қарай барлық санаттағы атқару құжаттарының жаппай жеке сот орындаушыларына берілуін көздейді.

    Атап өткен жөн болар, қазіргі уақытта Алматы облысында жалпы саны 106 жеке сот орындаушылары қызмет жасауда, ал мемлекеттік сот орындаушылары аталған мақсатты орындау негізінде қысқартылып, бүгінгі таңда облысымызда  тек  11 сот орындаушы қызмет атқаруда. Алайда алдағы уақытта «Ұлт жоспарының» 27-қадамына сәйкес қысқарту жұмыстары  әрі жалғасады.

    Себебі, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік сот орындаушыларын толыққанды қысқарту көзделіп, барлық санаттағы атқару құжаттарын орындау тек жеке сот орындаушыларының құзырына берілуі негізгі талап болып отыр.

    Осыған орай, қазіргі таңда мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы ішінара орындалып жатқан алимент өндіруге қатысты атқару құжаттарын талапкерлерге кері қайтару шаралары басталғандығын ескертеміз.

    Алайда, аталмыш атқару құжаттарының орындалмай талапкерлерге кері қайтарылуы, бұл атқару құжаттарының әрі қарай орындалуы үшін жеке сот орындаушыларына тапсыруға ешқандай кедергі жоқ екендігін және атқару құжаттарының толыққанды орындалуы үшін талапкерлер тарапынан аталмыш құжаттар жеке сот орындаушыларына міндетті түрде орындауға тапсырылуы қажет екендігін хабарлаймыз.

    Бұл шаралардың барлығы орындауға жататын сот актілерінің тұрақты, нақты, әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етудің басты кепілі.                           

  Қайсар ДҮЙСЕНҒАЛИҰЛЫ,

                  Панфилов аумақтық сот орындаушылар бөлімінің

басшысы, аға сот

орындаушысы.