Жемқорлыққа жол бермеу - рухани байлық

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті  күшейтуге орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы»  арнайы  заңдар қабылданды.

Сонымен  қатар, Қазақстанның 2030  жылға  дейінгі даму стратегиясы  жасалып, ол қоғам өмірінде сәтті түрде жүзеге асырылуда. Олар құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуге, құқық қорғау органдарының қызметін және мемлекеттік қызметке өту кезеңін жетілдіруге  бағытталған.

       Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жүргізіле беретінін айтты. «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес реформалары жүргізілуде. Ұлт  жоспарларының 13-қадамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  күшейту мәселесі көтерілген. Сонымен қатар,  сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін құқықты түсіндіру  жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.

        Ел азаматтары  өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда не істеу керектігінің  нақты  жолдарын  толық білулері  қажет. Барлық салада  сыбайлас  жемқорлық деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның  институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат. Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне,  рухани кемелділігіне байланысты. Сондықтан, әркім өз отбасында  парақорлықтың зияны мен зардабын  ұғындырып отырса, жас мамандар да бұл дерттен аулақ болады.

       Сыбайлас жемқорлықпен күресу - Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы. Қоғамдағы  қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастағаны жөн.

А.Кенжебекова,

аудандық Әділет басқармасының  инспекторы.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net