ӘДЕПТІ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ АЛАР АСУЫ БИІК

31.05.2019ж

«Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 12-шы қадамында мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау көзделген болатын.

     Осыған сәйкес көп өтпей Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі әдеп кодексі қабылданды. Бұл маңызды құжаттың жариялануы егеменді еліміздің халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіби мемлекеттік аппарат құруға деген талпынысы ғана емес, тәуелсіз еліміздің жарқын болашаққа жасаған игі қадамы екені даусыз. Өйткені, мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейтудің маңызы зор болып табылады.

    «Мінез – жанның айнасы» деп Әл – Фараби бабамыз айтқандай, тұлғаның ақыл-парасаты мен ішкі рухани әлеуеті көп жағдайда оның мінез-құлқынан көрініс табады. Әрбір мемлекеттік қызметші әдеп кодексінде көрсетілген нормаларды қатаң сақтап, білімімен, мінез-құлық мәдениетімен, кез-келген қоғамдық ортада өзін ұстай білуімен басқаларға үлгі болуы қажет. Өйткені, мемлекеттік қызметші – мемлекеттік биліктің ғана емес, сол мемлекеттік биліктің бірден бір бастау көзі болып табылатын халықтың, тұтас қоғамның айнасы. Мемлекеттік қызметшінің өз ісіне жоғары жауапкершілікпен қарап, атқарған әрбір жұмысы мен көрсеткен сапалы қызметі мемлекеттік билікке деген халық сенімінің нығаюына серпін береді.

    Әдеп кодексінде атап көрсетілгендей, мемлекеттік қызметші ең алдымен елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулыққа селкеу түсіретін кез-келген әрекетке қарсы тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында және мінез-құлықтың жалпы стандарттарында белгіленген шектеулерді естен шығармауы тиіс. Қызмет барысында азаматтармен және әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болып, әдептілік нормаларын сақтауы қажет. Өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк мүлікті қызметтiк мақсаттарда ғана пайдаланып, мереке-мейрамдарда сыйлық алу сияқты сыбайлас жемқорлыққа алып баратын кез-келген жағымсыз әрекеттен бойын аулақ ұстағаны абзал. Сонымен қатар, жұмыс уақытын ұтымды пайдаланып, кәсіби біліктілігін арттырып, жүйелі түрде өз білімін және мінез-құлық мәдениетін үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған жұмысы нәтиже беріп, халық пен қоғам тарапынан сенімге ие болып, бет-беделі артады.

       

   Сәкен  КҮМІСБЕКОВ,

«Панфилов ауданының құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша

 міндетін  атқарушы.

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net

  • Материалды қарау саны : 641543