Мәңгілік ел болу-басты міндет
- Толығырақ
- Жарияланды 19.08.2019 10:11
- Автор: Super User
- Категория: 100 нақты кадам
- Қаралды: 1951
16.08.2019ж
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» секілді бөлімдерден тұрады.
Ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған. Бұл қадамдардың бәрі де елімізде «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыруға, Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қор дер едім. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген.
Жемқорлыққа қарсы күрес – Тұңғыш Президент саясатының басым ба-ғыттарының бірі. Бұл мәселе Ұлт жоспарының 13-қадамында - жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қадамында көрініс тапқан. Сонымен қатар Ұлт жоспарында мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу мәселелері сипатталған. Ұлт жоспарында сондай-ақ азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту міндеттері қойылған. Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқаны белгілі. Осы орайда судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау және т.б. мәселелер Ұлт Жоспарының қадамында көрсетіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн.
Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев қоғамды әлем деңгейіндегі асқақ мақсатқа ұмтылуға шақырып келеді. «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспары, озық отыз елдің қатарына қосылу міндеті - мұның барлығы Мәңгілік Ел болу жолындағы өзара сабақтас, жүйелі Қазақстанның мемлекет болып шығып, қоғам болып жетілу, ұлт болып есею жолында маңызды қадам жасау. Мемлекет пен қоғамға берері, келешекке әсері, жеке адамның өміріне жасайтын ықпалы тұрғысынан бұл тарихи қадам - қазіргі ұрпақтың тарихи миссиясы, оның келешек алдындағы жауапкершілігі болуы керек.
О.Жолсеитов,
аудандық
прокуратураның
аға прокуроры.