Ұлттық брендтің орны ерекше

Ұлттың нағыз ұлт екенін әйгілеу, оның әлемдік деңгейде танымалдығын арттыру жолында қалыптасқан, өзгелер мойындаған ұлттық брендтің орны ерекше. Бұл сол елдің инвестициялық және туристік тартымдылығына да игі ықпалын тигізеді. Мұндай тартымдылықтың болуы - сол мемлекетке сырттан құйылатын қаржы ағыны кепіл, Жапония Тоyota автокөлігімен,электронды тауарларымен, Щвейцария сағатымен, Голландия ірімшігімен, Франция Эй- фель мұнарасымен, атақты иіссуларымен, Қытай жеңіл өнеркәсібімен, көршілес Ресей мемлекеті арағымен

 

танымал. Біз қандай өнімімізбен немесе басқа да құндылықтарымызбен мақтана аламыз?

 

                Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, еліміздің азаттық символы болып саналатын Есік қорғанынан

табылған «Алтын адам», адамзат баласы тұңғыш рет ғарышқа көтерілген Байқоңыр, шыңдары көкке қол созған

Алатау мен ондағы Медеу мұз айдыны, Алматының апорты, бүкіл елге танылған жылқының еті мен қазы-қартасы, қымызы, сапасымен әлемдік экспортта 1 орынды бермей келе жатқан ұнымыз, айта берсек біраз тізбек жасалады екен. Бір кездері Шымкенттегі «Восход» тігін фабрикасының атағы дүркіреген. Шетелге барған бір ағамыз жұрттың

кезекке тұрғанын көріп, «Бір тәуір нәрсе сатылып жатыр екен ғой» деп соңына тұра қалған. Жақындағанда сатылып жатқан өзіміздің костюм- шалбарымыз екенін көріп таң қалғанын айтатын.

                Отандық өнімді насихаттау, танымал бренд жасауға ұмтылыс барлық елде бар. Бұл үрдіске біздің елде барынша  ілесуге тырысуда. Бірақ оның бірі сәтті , енді бірі онша көңілге қонымсыз болғанын несіне жасырамыз?

                Бір кездері отандық өндірушілер «Асанәлі» коньягін, «Бибігүл» шарабын шығарған. Бұл әдеттегі шетелге еліктеудің салдары. Француздың ұлы патшасы мен қолбасшысына арнап шығарған «Напалеон» коньягін, орыс  елінің өз мемлекет басшысының атымен сәйкес «Путинка» арағын шығаруы олар үшін ерсі емес

шығар, ал біз сияқты мұсылман еліне бұл соншалықты сәтті қадам болды деп айта алмаймыз. Сосын байқасаңыздар, отандық «Рахат» кондитерлік фабрикасы Абай Құнанбаевтың портреті бейнеленген кәмпит

шығарып келеді. Бұл фабрика басшыларының ұлы ақынға жасаған құрметі болар, бірақ қолданып болған

соң кәмпит қағазының қоқысқа лақтырылатынын ескерсек, бұл да соншалықты құптарлық іс емес.

Бүгінде елімізде әлемдік нарықта танымал болып қалған біршама компаниялар бар. Олар да уақыт өте келе ұлтымыздың мақтанышына айналары сөзсіз.

Әзірлеген:

Б. БЕЙСЕНҚЫЗЫ.

 

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net