Сот жүйесіндегі соны жаңалықтар

Бүгінгі  күні сот жүйесіне  енген  жаңалықтардың бірі–талап-арыздарды «Электронды үкімет» порталы арқылы жолдау.  Оны кез  келген тұрғынның www.egov.kz электронды порталы арқылы жіберуге мүмкіндігі бар. Хат жолдарда арнайы үлгіні толтырып, субъектінің мекен жайы бойынша аудандық, қалалық сот таңдалуы қажет. Және онда істің мазмұны мен мемлекеттік баж салығының көлемі көрсетіледі. Одан соң аталған құжат нысанында арызбен өзге құжаттың көшірмелерін тіркеп, электрондық-сандық қолтаңбасын енгізген соң, талап-арыз сотқа жолданады.

 

            Электронды түрде жіберілген шағымданушының өтініші санаулы минуттардан соң көрсетілген сотқа түсіп, тіркеуге алынады. Тиісті жұмыстар аяқталған соң, талапкерге өзінің жұмысын бақылау үшін арнайы логин мен пароль беріледі. ҚР Жоғарғы сотының ресми сайтында осы логин мен парольді енгізу арқылы жұмыс барысымен толықтай танысаалады. Электрондық талап-арыз көшірмелерін тіркегеннен кейін ол сотпен қаралып, қабылданғаны немесе кейін қайтарылғаны туралы хабарлама арыз иесіне электрондық портал немесе SMS хабарлама арқылы ескертіледі.

            Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосу мақсатында реформалар мен алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ел Президенті 100 нақты қадамды айқындап берді. Елбасы басты бағыттардың бірі ретінде заң үстемдігін белгілеп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот жүйесіне баса назар аударылды. Сондай-ақ республиканың сот жүйесінің алдына қойылған талаптарды ескере отырып, Қазақстан       Республикасы Жоғарғы соты соттарда ақпараттық технологияларды қолданудың бірқатар жүйелік-ұйымдастырушылық шараларын қолданып жатыр.             «Сот кабинеті» атты жаңадан енгізілген ақпараттық сервис сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот төрелігіне қолжетімділік, ашықтық пен мөлдірлікті қамтиды.

            Бұл сервис кез келген тұлғаның уақытын үнемдей отырып, үйінен немесе кеңседен шықпай, ғаламтор желісі арқылы сотқа талап-арыз, өтініш тапсыруға әрі мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді.

 Г.Мұхаметжанова,

 аудандық   соттың  

кеңсе  меңгерушісі.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net