Әдептілік – адамгершілік бастауы

«Үшарал ауылдық округі    әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінде  жуырда «Әдептілік адамгершілік   бастауы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. 

    Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерге моральдық-адамгершілік талаптарын түсіндіре отырып, қоғамдағы беделін нығайту және мемлекеттік қызметшіге деген  халықтың сенімін арттыру.

  

 

 

Дөңгелек үстел  барысында сөз алған округ әкімінің орынбасары  Әбдімүтәліп  Қомашұлы  өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің ең бірінші білімділігі - олардың  бойындағы  рухани адамгершілік  қасиеттері  екендігін  айтты. 

                Сондай-ақ    мемлекеттік қызметшілер Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексін бұзушылардың  профилактикасын  қамтамасыз ету туралы мәселелерді кеңінен қарап,   Әдеп кодексінің  жалпы ережелері, мінез-құлықтың жалпы стандарттары,  қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық  және көпшілік алдында,  оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен  байланысты  мінез-құлық  стандарттары сынды бес бөлімнен тұратындығы жөнінде баяндама  берді. Сонымен қатар округ әкімі аппаратының мемлекеттік  қызметшілері бір-бірімен пікір алмасып,  өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

        Жалпы мемлекеттік  қызметші  билік пен өз өкілеттіктерін  қолдана білуі және адал болуы, ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы  керек.  Заң талаптарымен  толық сәйкестікте  өмір сүріп,  кез келген орында,  кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай, әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін   ұстауға   тәрбиелеу керек.  "Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық.  Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу - біздің парызымыз. Сонда  ˝мемлекеттік  қызметкерлер  халыққа жақын болады˝ деді округ әкімі Таңатар Тілеубергенұлы Жанғазиев.

    Елбасымыздың  үздік отыздыққа апарар «100» нақты  қадамындағы  кәсіби мемлекеттік аппарат құруға өз үлесімізді қосып, мемлекет алдында тұрған жауапты және маңызды жобаларды сапалы және тиімді жүзеге асырайық.

Әйгерім  Нұрақынова

Үшарал  ауылдық

 округі  әкімі  аппаратының

жетекші  маман -заңгері.