Денсаулықтың кепілі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және жыл сайынғы  Жолдауларында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін өмірімізге енгізудің халқымыз үшін маңыздылығы ерекше аталып көрсетіліп келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты ұстанымы - мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың денсаулық сақтауды қаржыландыруға ортақ қатысуы.

 

                Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарды қатаң іріктеп, тек сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсеткен денсаулық сақтау мекемелеріне ғана қаражат бөлетін болады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында ауданымыздың тұрғындары арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кеңінен сауатты жүргізу үшін аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы Мағрупованың бекітуімен маңызды мәселеге тікелей қатысы бар қызметтердің өкілдерінен  үш ақпараттық топ құрылып, жұмыс кестесі бекітілген болатын. Осы жұмыспен айналысушы топтар ауданымыздағы барлық қала және ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен жиналыстар өткізіп, тиісті ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кең көлемде жүргізді. Әсіресе, екінші топ бойынша маңызды шараны жоғары деңгейде өткізуге бар білімі мен біліктілігін көрсеткен топ мүшесі, аудандық аурухана директорының орынбасары А.Күдерованың ерекше белсенділігін атап өтуіміз керек.

                Түсіндірме жұмыстарының барысында Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес жүйеге енгізілген өзгерістер туралы экономикалық тұрғыда белсенді емес 14 санаттағы азаматтар үшін мемлекет жарналар төлейтіндігі, мемлекет тарапынан қандай медициналық көмектердің тегін түрде барлық азаматтарға көрсетілетіндігі, өзін өзі жұмыспен қамтыған және жұмысы жоқ азаматтарды толық анықтап, оларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тартудың тетіктерін қарастыру үшін жергілікті жерлердегі билік, медициналық, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдар тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқару керектігі түсіндірілді.Конституциямызбен бекітілген азаматтарымыздың басты байлығы денсаулығы мен өмірін сақтауда маңызы ерекше жүйе туралы бейнетаспа көрсетіліп, тұрғындардың өздерін толғандырып жүрген көкейкесті сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауаптар берілді.

                Сақтандырудың халыққа қолайлы қоғамдық жүйесі еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып және дамыған елдердің осы жүйені пайдаланудағы тиімділік жағын жан жақты ескере отырып енгізіліп отырғаны айтылды. Тәуелсіз еліміздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қалыптастыру кезінде оны денсаулдық сақтау жүйесіне бейімдеу, салаға кері әсер ететін тәжірибелерден сақтану, әлеуметтік жағынан аз қамтылған  топтарды нысаналы қолдау мәселесіне басымдылық берілетінін қарапайым, түсінікті тілмен және ақпараттық құрал көмегімен түсіндіру жұмыстарын жүргізген топтардың жұмысы тұрғындарымыздың жаңа жүйеге деген сеніме ие болды деуімізге толық негіз бар.

                Қорыта айтқанда, өткізілген шаралар нәтижесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне әрбір азаматымыздың қатысуы оның басты байлығы-денсаулығының сенімді сақталуы мен қорғалуына кепілдік беретініне аудан тұрғындарының көздері жетті деп есептейміз.

 

Бекмұхамет  СЕРІКБАЕВ,

Қазақстан  Заңгерлер

Одағының мүшесі.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net