Құнды бағдарлама

     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы тәуелсіз еліміздің экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына мол мүмкіндіктер ашуымен қоғамымыз үшін аса құнды стратегиялық бағдарлама болып табылады. Сондықтан да ол халқымыздың бірауыздан қолдауына ие болып,  нұрлы болашағымызға деген сенімімізді арттырып отыр. Тарихи маңызы зор осы бағдарламадағы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру арқылы ішкі-сыртқа сын-қатерлерге мемлекетіміз сенімді түрде төтеп беріп, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енетін болады.

 

                Ғасыр жүгін арқалаған бес институционалдық реформаның әр тарауындағы міндеттерді атқару нақты кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы қарастырылған. Онда кадрлар даярлау, лауазымға ұсыну кезінде олардың өмір, жұмыс тәжірибесіне баса назар аударылып, тамыр-таныстыққа, көңілқимастыққа тосқауыл қойылып, дос-жарандық жолмен іріктеуге тиым салынбақ. Мемлекеттік лауазымдық орындарға кадрлар іріктеуде  конкурстық әдістерді кеңінен енгізу қарастырылып отыр.

                Аталған Ұлт жоспарының басты мақсаты тәуелсіз еліміздің болашағын нұрлы, халқын бай-қуатты етіп, ата-бабамыз армандаған «Мәңгілік елге» айналдыруға бағытталғандығымен халқымызға құнды бағдарлама десек қателеспейміз.

 

Бекмұхамет  БЕКБОЛАТ,

Қазақстан Заңгерлер

Одағының мүшесі.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net