Сот жүйесі түбегейлі жаңғырды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен сот жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған 11 мақсатты қадамды қамтыған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданды.

 

                Бірінші кезекте сот ісін жүргізу жүйесі реформаланды, сот төрелігі төрт  сатылы сот жүйесінен үш буынды жүйеге  өтті. Бірінші  және апелляциялық   инстанциялар соттарының рөлі айтарлықтай күшейтілді, сот шешімін қабылдау мерзімі қысқарды, сот төрелігіне азаматтарымыздың қол жетімділігі артты. Сот залдары аудио және видео жазудың аппараттарымен жабдықталуының нәтижесінде  жазбаларды тоқтатуға, редакциялауға          мүмкіндіктер     жойылды. Мұның өзі сот процесі мен қабылдаған шешімнің обьективтілігін, заңдылығын қамтамасыз етті. Сот жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарының бірі-сапалы судьялар корпусын қалыптастырудың нәтижесінде судья лауазымына кәсіби біліктілігі жоғары, өмірлік тағылымы мол, тәжірибелі мамандар корпусын жасақтауға қол жеткізілді.

                Сот құрылымын және сот өндірісін реформалаудың негізгі мақсаты сот әділдігін, қолжетімділігін, заң үстемдігін қамтамасыз  ету арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін озық сот жүйесін құру болып табылады.

               

                Динара   Құйқабаева,

                аудандық  соттың

судьясы.

 

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net