Медициналық сақтандыру-денсаулық кепілі

Жалпы еліміз бойынша медициналық көмек көрсету мақсатында жыл сайын 700 млрд теңге жұмсалады екен. Ал егер  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылса,  бұл  қаржының көлемі кемінде тағы 350 млрд теңгеге артып, халық денсаулығына жұмсалатын қаржының көлемі триллион теңгеден асып жығылады деген сөз.

 

            Мамандардың айтуынша медицина саласында бұл реформа халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Біріншіден, ел  аумағындағы өзіңіз қалаған кез-келген емханадан медициналық көмек аласыз. Екіншіден, міндетті  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ережесіне сәйкес тұрғындар қосымша барлық ақылы қызметтен босатылады. Тиімді тұстары бұл ғана емес. Мәселен, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлейді. Ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз азаматтар үшін жарна төлеуді мемлекет өзі мойнына алып отыр.

  Б. Тлеухан . 

 

 

Күнтізбе

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net