Қазақстан дамуының нақты міндеттері

 Ұлт жоспары мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің жаңа жүгін артады. Ендігі жерде мемлекеттік аппаратта жұмыс істейтін әрбір адам Президенттің «100 қадамын» орындауының өзіндік нақты сегментіне жеке жауап береді. Халық пен елге талмай қызмет ету, өзінің еңбегі мен қамқорлығының арқасында Қазақстанның және қазақстандықтардың мүддесіне пайда келтіру арқылы мұндай жоғары жауапкершіліктің үлгісін бізге Елбасы көрсетуде.

 

                Талапты қатайту және сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсіби мемлекет қалыптастыру жолындағы ахуалды жақсарту кәсіби мемлекеттік аппараттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған.

Заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа көзқарастар сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Сот төрелігі институтына қоғамдық сенім арта түседі. Еліміздің инвестициялық тартымдылығы бірнеше есе көбейеді. Ұлттық экономиканы терең реформалау стратегиялық инвесторларды дәл тарту мен ғылым жұмсалатын өндірісті көтеру арқылы жоғары технологиялы өңдеуші секторды басым дамытуды көздейді.

                «Мәңгілік Ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі ілгерілету азаматтық біртектілікті күшейтеді және Біртұтас Ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел» - қоғамдағы бірлік пен келісімнің атымен өзгеше моделі, ол жаһандық ауқымда танылған табы­сты қазақстандық тәжірибенің мәртебесіне ие.

Мемлекеттің ашықтығы мен есеп берушілігін кезең-кезеңімен дамыту, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, азаматтық қатысуды кеңейту, мониторинг пен бағалау тетіктерін жетілдіру тұтастай алғанда мемлекет басқарудың тиімділігін арт­тырады.

                Ең бастысы, барлық бес реформа қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға, Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдерде қол жеткізілген жоғары әлеуметтік стандарттарға ұмтылуға бағытталған. Бес реформа - 5 күш векторы, олар қосыла келгенде Қазақстанның табанды түрде тек қана алға басуын айқындайды. Қазіргі таңда әлем күрделі де қарама-қайшылықты кезеңді бастан кешуде. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары біздің елімізде мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи деңгейіне алып шығады.

Мөлдір  ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ,

Аудандық  Әділет

Басқармасының  жетекші  маманы .