ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ КЕСТЕСІ

09.11.2018 жыл

Жыл басында Елбасымыз қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру туралы шешім шығарып, Жарлыққа қол қойған болатын.

Ал, оған дейін латын графикасына көшудің екі түрлі нұсқасы халыққа жарияланған еді. Дегенмен де ол нұсқалар халық көңілінен   шықпаған   болатын.

                Не болсада әліпбидің жаңа нұсқасы бекітіліп қойды. Бекітілген соңғы үлгідегі әліпбиге көшудің жұмыстары да біртіндеп жүріп жатыр. Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік меншіктегі түрлі мекемелердің көпшілігі латын графикасына ауысып, атауларын жаңа алфавит негізінде өзгертті. Тіпті, мемлекеттік елтаңбада жазылған «Қазақстан» сөзі де ауысты. Республика бойынша кешенді жұмыстар атқарылды.

                Сонымен қатар ІІМ, ҰҚК, Жоғарғы сот тағы да басқа мемлекеттік органдар 2022-2025 жылы, ал барлық сатыдағы әкімшіліктер 2025 жылы көшеді. Еліміздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектептерді латынға ауыстырудың жобасы жасалды. Жоба бойынша келер жылдан бастап мектептерді латынға ауыстыруды білім және ғылым министрлігі бекітті. Атап айтқанда, 2019-2025 жылдар аралығында жалпы білім беретін мектептердің 192 мың мұғалімі латын әрпін үйрету курстарына қатысып, шыңдалатын болады. Ал мектеп оқушылары төмендегі кесте бойынша латын әрпінде білім ала бастайды.

         0, 1 сыныптар-2020 жылы;

         0, 1, 2 сыныптар- 2021 жылы;

         0, 1, 2, 3 сыныптар - 2022 жылы;

         0, 1, 2, 3, 4 сыныптар-2023 жылы;

                0,1,2,3,4 және 5-9 сыныптар-2024 жылы;

                0, 1, 2, 3, 4, 5-9, 10-11 сыныптар – 2025 жылы.

      Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар 2024 жылға дейін латын әрпіне аударылады.

      0 сынып- 2018 жылы;

      1 сынып-2019 жылы;

      2 сынып - 2020 жылы;

      3 сынып - 2021 жылы;

      4 сынып- 2022 жылы;

      5-9 сыныптар-2023 жылы;

      10-11 сыныптар- 2024 жылы.

       Қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен орыс тілінде білім алатын мектептердің "Қазақ тілі мен әдебиеті" оқулықтарын латын әрпінде қайта басып шығару 2019-2025 жылдар аралығына жоспарланған.

      0 сынып – 2019 жылы;

      1 сынып – 2020 жылы;

      2 сынып – 2021 жылы;

      3 сынып – 2022 жылы;

      4 сынып – 2023 жылы;

      5-9 сыныптар – 2024 жылы;

      9-11 сыныптар – 2025 жылы.

 

Ақмарал   ХАМЕТЖАНОВА .

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net