Универсиада-2017 ойындарының алғашқы жеребе тарту рәсімі өтті

Алматыда Универсиада-2017 ойындарына қатысатын шайбалы хоккей бойынша ерлер мен әйелдер командалары арасында жеребе тастау нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

 

Шайбалы хоккей жарыстарына барлығы 12 ер және 7 әйел командасы қатыспақ. Ерлер командасы 4 командадан тұратын 3 топқа, ал әйелдер А тобында 4 команда, В тобында 3 команда болып 2 топқа бөлінді.

Қазақстан Ойындарды өткізіп отырған қожайын ел ретінде А тобында нөмір бірінші команда болып жарысқа түсетін болады.

Ерлер құрамасы арасында жеребе тастау нәтижелері келесідей:

А тобында

Қазақстан,Чехия, Швеция, Қытай өнер көрсетеді.

В тобында

Канада, Словакия, АҚШ, Ұлыбритания,

С тобында

Ресей, Жапония, Корея, Латвия ойнайтын болады.

Әйелдер командасы арасында

А тобында

Қазақстан, Канада, Қытай, Ұлыбритания.

В тобында

Ресей, Жапония, АҚШ командалары бәсекелеспек.

Канададан келген делегация өкілі Ари Джошуа Гроссман жеребе тастау нәтижелеріне қатысты өз ойын жеткізді.

«Әйелдер арасындағы хоккей жайлы айтар болсақ, біз ойындарды ұйымдастырып отырған елдің құрамасымен бірге бір топта өнер көрсететіндігімізге қатты толқып тұрмыз. Қазақстан командасымен тамаша алаңда ойын көрсету үшін сайыстардың басталғанын тағатсыздана күтудеміз. Сондай-ақ, топ ішінде ҚХР құрамасы бар, өте мықты бәсекелес, олар таяудағы жарыстарда жүлдегер атанды. Төртінші команда – Ұлыбритания құрамасы, олар соңғы жылдары өте қарқынды дамып өсіп келеді. Қарсыластарымызбен кездесуді асыға күтудеміз және де біздерді өте қызықты ойын күтіп тұр деп ойлаймын» - деді канадалық өкіл.

Гроссман мырза ерлер арасындағы хоккей ойындары да өте әсерлі өтеді деп сендірді.

«Біздің құрама Словакия мен Ұлыбританияның аса мықты және қызықты командаларымен жарысқа түседі. Канада мен АҚШ туралы айтар болсақ, бәсекелес болу біздің тарихымызда жазылған. Хоккей бойынша сайыстар біздің командалар арасындағы жарыспен басталады деп ойлаймын және бұны тағатсыздана күтіп отырмыз. Сондай-ақ, Словакия құрамасымен ойнау әрқашанда қиын. Жалпы алғанда, арамызда Ресей, Қазақстан, Швеция, Словакия секілді аса мықты командалар көп. Ойындарды тамашалау және кімнің жеңіске жететіндігін көру аса қызықты болмақ. Ойындардың басталғанын асыға күтеміз», - деді ол.

Алматыдағы кездесу Универсиадаға қатысушы елдерден келген делегаттарды үлкен әсерде қалдырды.

«Қарым-қатынас құрып, тәжірибе алмасу және де нағыз спорт мерекесін тойлау үшін сіздердің сұлу қалаларыңыз бүкіл әлем студенттерінің басын қоспақ», - деп атап өтті Қырғызстан Республикасы Ұлттық студенттер спорты федерациясы төрағасының орынбасары Альшиораз Бабаев.

Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин бастаған делегация, сондай-ақ, ұлттық студенттер спорты федерацияларының басшылары 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада жарыстарының өткізілетін спорт нысандарына 13-17 қыркүйек күндері аралығында тексеру жүргізген болатын. Атлеттер ауылына, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешеніне, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайына, «Алматы арена» мұз сарайына, «Медеу» биік таулы мұз айдынына және «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніне, «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніне, «Табаған» спорт ойын-сауық кешеніне барған делегация өкілдері Универсиада нысандарына өте жоғары баға берді. Универсиадаға дайындық барысы FISU талаптарына сәйкес жоғары қарқынмен жүргізіліп жатқандығын да ерекше атап өтті.

Қыр баласы

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net