БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАҒЫТЫ АЙДАЙ АЙҚЫН

Қазақ елі өзінің Тәуелсіздігін алған 25 жылдың ішінде ел әлеуетін арттыруға бағытталған талай ірі бағдарламалардың  тұсауын кесті. Бұл бастамалар  үдеден шығып, халықтың әл-ауқатын жақсартты. Сондай бағдарламалардың бірі де, бірегейі бола білген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы өз кезегінде ел азаматтарын  лайықты жұмыспен қамтамасыз етті.

 

                  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы елімізде 2011 жылы қабылданды. Басты мақсат-тұрақты және өнімді жұмыспен қамту жолымен халық кірісін  арттыру. Бағдарлама негізгі төрт бағыттан тұрғаны белгілі. Біріншісі, білім беру және жұмысқа  орналастыруға жәрдемдесу, жалақы төлемдерін субсидиялау арқылы жұмысқа қабылдауды ынталандыру. Екіншісі-ауыл тұрғындарын шағын несиемен қамтамасыз ете отырып,  ауыл ішіндегі кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Үшінші бағыт-еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру. Соңғысы - инфрақұрылымды дамыту арқылы халық көп шоғырланған ауылдарды дамыту.

                Бағдарламаның негізгі қатысушыларын жұмыссыздар, оқу орындарының  түлектері, еңбекке қабілеттілігін жоғалтпаған мүгедектер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, 23 жасқа дейінгілер, зейнеткерлер, жалпыға ортақ жаста зейнетке шыққандар, этностық мигранттар және басқалар құрады.

                Жалпы,  жұмыспен қамту шараларымен ауданда 3192 адамды жұмысқа  тарту жоспарланған, 1-ші шілдеге 1950 адам тартылды. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша екі  жоба жүзеге  асырылуда, олар Тұрпан ауылындағы Сатай батыр және Пенжім ауылындағы А.Розыбақиев орта мектептерінің ғимаратын күрделі жөндеу. Бұл нысандарда 50-ге жуық жергілікті тұрғындар жұмыс жасауда. Екінші бағыт бойынша 24 адамға 62,8 миллион теңге шағын несие берілді. Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс  орындарына  50 жұмыссыз, жастар тәжірибесіне 68 адам, кәсіптік даярлауға 35 адам жолданды.

                Тұрғындардың  аз  қамтылған  топтарын әлеуметтік қолдау бойынша бюджеттен 3771 адамға 44,3 миллион теңге қаржы жұмсалды, оның сыртында 1017 адамға демеушілер есебінен 3,2 миллион теңгенің материалдық  көмегі  көрсетілген. Ал Жаркент қаласы бойынша жыл басынан бері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 1531 адам жұмысқа орналасып, «Жастар  тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 40 адам  жұмыс  істеуде. Әлеуметтік  жұмыс   орындарына 20 адам жіберілді.

Бағдат  Айтмұқаева.

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net