Жаркенттік оқушы Дубайға кетті

UCMAS  KAZAKHSTAN ментальды арифметика Халықаралық Академиясының IV республикалық жарысында BASIC деңгейіндегі студенттер арасында Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының № 6 орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы  Бекайдар Нұрлыбек жоғары көрсеткіші үшін 3 орынды ұтып алды. Енді Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында 11 қараша күні ментальды арифметикадан өтетін халықаралық олимпиадада халықаралық деңгейде бағын сынайды.

 

Дубайда өтетін әлемдік олимпиадаға  7000 мың бала қатысады.  Қазақстанның намысын  ментальды арифметика Академиясының жүлделі орындарға ие болған 50-ге  жуық студенттері қорғайды. 

                Сәт-сапар Нұрлыбек! Жүлделі орынға ие болып жеңіспен оралуыңа тілектеспіз.

                Ізгі тілекпен, ментальды арифметика Халықаралық Академиясының Жаркент филиалы ұжымы.