«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

Желтоқсан көтерілісінің ақиқаты немесе шындықтың шырағы сөнбейді

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі жұртшылық жадынан өшпек емес. өйткені, бүгінгі егемен еліміздің  ғасырлар бойғы аңсап келген тәуелсіздігіне қол жеткізуіне жастардың сол  бас көтеруі себеп болғаны ақиқат еді.  Одан  бері де  отыз жыл уақыт өтті. Бірақ ... ақиқатқа жету жолы  қашанда ауыр екені тағы да көрінді. Желтоқсан оқиғасы туралы хабар ошардың біржақты болып, оған теріс сипат беріліп, алғашында ел ішінде әртүрлі қауесеттің тарағаны да әлі есте.

 

       Алайда, шындықтың шырағы  сөнбейді екен...Иә, жиырмасыншы ғасырдағы тоталитарлық жүйе  Желтоқсан оқиғасы кезінде өздері ұйымдастырған ойранды жасырып  жұртты барынша алдап бақты. Ол үшін қолдағы барлық мүмкіндіктер ақпарат  құралдары, басқа да идеологиялық ұйымдардың ресми  органдардың  күші толық пайдаланылды. Бүлік шығарғандар «ұлтшылдар» , «маскүнемдер», «нашақорлар» деген жала жабылып, оларға қарсы өрт сөндіретін машиналар,  сапер күректері қолданылған жоқ, оларды ешкім итпен қуған жоқ деп   ақталуға тырысты. Ел ішінде әртүрлі қауесет тарап, өсек-аяң, жел сөзі гүлеп тұрды. Шындықты бүркемелеген сол олқылықтардың орнын толтыруға тырысқандай тек 1989 жылдың жазында ғана ақпарат құралдарында бірқатар ресми хабарлар берілді. Республика Жоғарғы Кеңесінің Президиму халық депутаттарының  сұранысы мен еңбекшілердің көптеген өтініштерін ескеріп, Желтоқсан оқиғаларына қатысты мәселелерді қосымша тексерумен айналысатын арнаулы депутаттық  комиссия құру туралы шешім қабылдады. Бір жылдан соң 1990 жылдың 24 қыркүйегінде сол комиссияның қортындылары мен ұсыныстары мақұлданған. Сөйтіп, Қазақстанның, тіпті бүкіл Кеңестер Одағының тарихында Орталықтың қазақ халқына «ұлтшыл» деп айдар таққан өктемдігіне алғаш рет қарсылық білдіріліп, КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының шешімі айыпталды.

                Шындығында желтоқсандағы қазақ жастарының  бас көтеруі, ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталған жоқ-тын. Желтоқсан толқуы – шын мәнісінде, елімізде алғаш рет  екі  күштің,   жаңа   басталып,  буыны қатпаған демократияның және сол кездегі әкімшіл-әміршіл жүйенің қақтығысы болатын. Ал, Колбиннің Қазақстан  Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануы Орталықтың қазақ халқының өмірлік мүддесіне қатысты мәселелерді шешудегі өктемдігі ретінде қабылданды.

                Оқиға әуелде Алматы қаласының бір топ жұмысшы және студент жастарының Орталық Комитеті Пленумының сол шешіміне наразылығын білдіруінен басталған. Бейбіт шеру түрінде өткен ол наразылық мемлекеттік құрылысты  құлатуға немесе басқа халықтарға қарсы әрекет етуге шақырған жоқ. Орталық Комитет үйінің алдына жиналған жастар пленум шешіміне байланысты түсінік беруді талап етеді. Алайда Республика басшылығы олардың пікірімен санасқан жоқ. Қайта, ол саяси наразылық өкіметке  қауіп төндіру ретінде бағаланып, сан жағынан шеруге  қатысушылардан әлденеше есе басым Алматы горнизоны  әскери даярлық жағдайына келтіріліп, алаңды қоршауға алды. Тіпті, жастар жиынын тұрақты әскери бөлімшелердің күшімен басу туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Солай болды да. Оқиғаға бұрмаланған баға беру түптеп келгенде, ішкі әскери күштер бөлімшелерін Алматыға еліміздің басқа аймақтарынан әкелуге апарып соқтырды.

                Бір таң қаларлығы, жастар көтерілісін басу жолындағы осыншама ауыр зардаптарға соқтырған маңызды шешімдердің бәрі де ешқандай жазбаша  нұсқау,  бұйрықсыз  қабылданған. Шеруге қатысушыларды қуып тарату кезінде сапер күрегі қолданылып, ерекше  қатыгездікпен көзге түскен.

                Сол күндері КСРО-ның барлық бұқаралық құралдары арқылы Алматыда орын алған оқиға, маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылар  мен  ұлтшылдың әрекеттері деген хабарлар мұнда арнайы жіберілген КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының бұрынғы мүшесі М. Соломенцевтің тікелей қатысуымен беріліп жатты. Алайда,  кейін медициналық сараптау актілері негізінде жасалған Денсаулық сақтау министрлігінің  мәліметтері бойынша  ұсталғандардың арасында  бірде-бір маскүнем болмаған. Сонда, ондай бұрмалау кімге, неге керек болды? Өйткені, алаңда бұзақылар мен маскүнемдер, нашақорлар болса, оларға қарсы күш қолдану саясаты өзін-өзі ақтап шыға алады. Сондықтан өкімет басындағылар солай етті, істің мәні міне осында.

                Иә, бүкіл әлемді дүр сілкінткен Желтоқсан көтерілісі қазақ топырағына ұлттық санасы сергек, жаңа, қайсар ұрпақтың келгенін айқын көрсетті. Халқымыздың  жылдар бойы Орталықтың әкімшіл, тіпті зорлықшыл саясатына деген ашу-ызасы алғаш рет сол буынның мінезімен сыртқа шықты және ол осы кеңістіктегі жаңа демократиялық қозғалыстың бастауы болды. Желтоқсан көтерілісі  туралы шындық қаншама бұрмаланса да, оның айналасына сәуле түсіретін шырағын ешкім де сөндіре алған жоқ.

                       Бағдат   Айтмұқаева.