Жыл жемісі

Қаламыздағы  Жамбыл   атындағы орта      мектептің  директоры, «Панфилов ауданының   Құрметті азаматы», ҚР білім беру ісінің үздігі, «Білім көшбасшысы» мен Ы.Алтынсарин  атындағы медальдарының  иегері Ризайдин Сейітұлы Айсаев (суретте) үшін өткен жыл жемісті жыл болды: қоғамдық сала мен оқу ісіндегі ерен жетістіктері үшін Ризайдин Сейітұлы «Евроазиялық одақ мемлекеттерінің  Құрметті азаматы» орденімен  марапатталды.

 

            Ризайдин Сейітұлы 2015 жылы Ресей, Белоруссия, Украина, Азербайжан және Қазақстан Республикаларына ортақ «Экономика мақтанышы» орденімен де марапатталған еді. Біздер мерейлі марапаттар иесі атанып отырған жерлесіміз Ризайдин Сейітұлын осы жоғары наградаларымен    құттықтаймыз!