Жақсы істер жан жылытады
- Толығырақ
- Жарияланды 20.01.2017 10:58
- Автор: Super User
- Категория: санаты жок
- Қаралды: 3486
«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қағида бүгінде биліктің қарапайым адамдарға бет бұруының көрінісіне айналып барады. Бұған мысал ретінде Елбасының тапсырмасымен қолға алынып отырған әкімдердің халық алдында өздері атқарған, алдағы уақытта жүзеге асырмақ істері жайында есеп берулері. Қаңтардың 16-сында аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев есебін Басқұнша ауылдық округінен бастады.
Алмалы ауылындағы Елтінді батыр атындағы мектептің акт залында өткен бұл жиынға Басқұнша ауылдық округінің тұрғындары және аудандағы әр салаға жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.
Есепті кездесуді аудандық мәслихат хатшысының өкілеттігін уақытша атқарушы, тұрақты комиссия төрағасы Нүсіпәлі Нұрғалық ашып, жүргізіп отырды.
Жиында алдымен Басқұнша ауылдық округінің әкімі Тұрған Батырқұлов өткен жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы жылға арналған жоспарлары туралы есеп берді.
Мұнан соң аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев есепті баяндама жасады. Аудан әкімі өзінің баяндамасында ауданда қол жеткен экономикалық табыстарды айтумен қатар әлеуметтік салаға да тоқталды. Ауыл шаруашылығы, шағын бизнес, білім, денсаулық, мәдениет, спорт, құрылыс саласы да назардан тыс қалған жоқ.
Жиналыста Елтінді батыр атындағы орта мектептің директоры М.Солтанаев, аудандық мәслихат депутаты, шаруа қожалығының басшысы Р.Тулақбаев, ауыл тұрғыны Қ.Сембаев сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерін айтып, аудан әкімінің есебіне оң бағаларын берді.
Кездесуде округ тұрғындарынан түскен сұрақтарға аудан әкімі жауап берді.
Басқұнша ауылдық округінде өткен аудан әкімінің есеп беру жиналысына Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Нұрмұханбетов қатысты.
Б.Айтмұқаева.