Бір сөйлеммен

Қаңтардың 25-інде  Астанадан  басталған Универсиада  алауы  елімізді айналып келіп,   29 қаңтарда   Алматыда      алаулайды.

 

            Елімізде зейнетақы өсімі екі кезеңде жүзеге асады: алдымен  жыл басында 9 пайыз, ал маусымнан  тартып 11 пайыз  қосылады.

            Елімізде Нұрсұлтан есімін иеленген 31 800  адам  тұрып  жатыр.

            Биыл ауданымыз  газбен  қамтамасыз етілмек...

            2017 жылғы аудан бюджетінде білім беру мен денсаулық  сақтау  салаларына  қомақты  қаржы қарастырылған.

            Журналист, фототілші   Жұмағазы   Бейсебек «Панфилов   ауданының  Құрметті  азаматы»  атанды.

            ЭКСПО-2017  Халықаралық көрмесі үстіміздегі жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйекке дейін өтеді.