Тұрғындармен кездесті

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев пен «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық  филиалы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадыров ауданымызға келіп, шекара маңындағы тексеру пунктінде, автобан  құрылысында болды.

 

                Сондай-ақ Нұркент қалашығындағы орта мектепте округ тұрғындарымен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев ашып  жүргізіп  отырды.

                Кездесуде ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты П.Казанцев сөз алып, өңірде туризмді  дамыту туралы айта келіп, өңіріміздің болашағы мен экономикасын дамыту туралы өз ойын айтты.

                Шетелдік азаматтар елімізге туристік сапармен келгісі келетіндігін, олар біздің  табиғатымызға қызығушылық танытып отырғандықтарын баяндады. Сондай-ақ терроризм туралы да айтып, әлемде болып жатқан қауіп-қатерлерден сақтану қажеттігін түсіндірді.

Залда отырғандар П.Казанцевқа көптеген маңызды сұрақтар қойды. Халық қалаулысы барлық сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар қайтарды.

                Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары Ш.Құрбанов, Р.Мағрупова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Қ.Досмайылов қатысты.