«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

АЛТЫН ҰЯ -ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

«Бала  естігенін  айтады, көргенін  істейді» - деп  қазақ  халқы  бекер  айтпаған. Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызы  зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының  мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген  ісінен  үлгі  алуға   тырысады.

 

   2016 жылы  8 қазанда   Жаркент  қаласының  төрінде   «Алтын ұя»  балабақшасы  салтанатты түрде ашылды. Балабақша заманауи үлгіде салынған. Балабақшаны  салған «Әділет  РК» ЖШС  төрайымы  Чайгараева Ляззат Нүсіпқызы. Балабақша  бөлмелері талапқа сай құрал-жабдықтармен жасақталған. Эстетикалық  талғамға баса назар аударылған. Спорт зал,акт залы,асхана,балалардың ойын алаңы  жабдықталған. Балабақша  меңгерушісі Садықова Раушан Айтақынқызы,әдіскер Сембаева Мақпал Құдайбергенқызы. Балабақшада жас ерекшелігіне қарай 5 қазақ тобы, 5 орыс топтары тәрбие алуда:  Айгөлек, Радуга, Құлыншақ, Солнышко, Теремок, Ақжелкен, Балғын, Балапан,Бәйтерек, Шаңырақ. Балабақша  балалардың  жан-жақты білім алуына  көңіл бөлуде. Қазақ, ағылшын тілі,бейнелеу өнері, орыс тілі,музыка  пәндері  өткізіледі. Жоспарға сай «Алтын күз», «Спорт-денсаулық кепілі», Тұңғыш  Президент күніне,  Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай ертеңгіліктер мен іс-шаралар, жаңа жыл мерекесі  өткізілді.

                   Балабақша  меңгерушісі Раушан Айтақынқызы:  «Кішкентай    бүлдіршіндеріміздің   бойына  ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік   қасиеттерін  сіңіріп, өз – өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде  отбасы мен тәрбиешілер   шешуші   рөл   атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке   тәрбиелеу   күнделікті  балабақша  өмірінде, тәрбиешінің жұмыс  күнін ұйымдастыру   процесінде, ойын   және  оқу   ісінде   жоспарлы    түрде  қамтылады», -дейді.  

                 «Адамгершілік   дүниесіндегі   ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың   бірі – бесік  жыры, мақал – мәтелдер . Сәбилер «бесік жырын» тыңдай  отырып, ананың әлдиімен, өзінің туған тілінің әуенінен    тұңғыш  рет нәр алса, мақал- мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің  қайырымдылық, ілтипат  сезімдерін  арттырамыз,-дейді  әдіскер Мақпал Құдайбергенқызы.

                Балабақша  психологы Ақмарал Ерсайынқызының ойынша  тәрбиешінің  тәртібі, іс - қимылы, балалармен, үлкендермен  қарым – қатынасы кішкентай  сәбилер   үшін    үлгі  болып, олардың   жеке  басының  қалыптасуына ықпал етеді. Осыдан  келіп, бүлдіршіндерімізде  жақсы қылықтар, ұжымдық   қарым - қатынас, адамгершілік    сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендер   еңбегін  құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы  түсініктер  қалыптасады.

                Бейнелеу  өнері пәнінің мұғалімі А.Бекежанқызы   топтағы  ойыншықтарды  жинау, оларды   күтіп  ұстау, топты таза ұстау, топтық ойындар, осылардың барлығы бүлдіршіндерді жақын  адамдарына  қамқор  болуға  үйрететінін айтады. 

                Қазақ   халқы   баланы  жастайынан  жақсы    әдеттерге    баулыған. Сәбилерімізді адам баласына тән асыл  қасиеттерге    тәрбиелеуден   жалықпайық!

       Ақдана    Ақылшаева,    

      бейнелеу өнері   пәні  мұғалімі.