Элеватор бой көтермек

Өңіріміздегі «Қорғас – Шығыс қақпасы» экономикалық аймағында жүгері және майлы дақылдар қабылдап, тазалап, кептіріп, сақтау бойынша жұмыс істейтін жаңа элеватор бой көтермек.

 

                Бұл нысанның бір реттік қабылдап, сақтау қуаттылығы 15 мың тонна болмақ, ал, келесі екінші желісі іске қосылғандағы қуаттылығы – 30 мың тоннаға жеткізілмек. Инвестициялық құны 675,0 миллион теңгелік бірінші желінің құрылыс жұмыстарын «Заря LTD» ЖШС – і жүргізуде.

 

Ақпаратты   әзірлеген:

Қ. Бейсебай.