«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

Мәңгілік ел болудың жаңа межесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты  Жолдауы-келешегіміздің кемел де кемеңгер жоспары. Бұл бүкіл қазақстандықтардың жүрегінен жол тапқан жаңашыл, тұжырымды Жолдау болды. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының арасында бір-бірімен   тығыз      байланыста   бар. Бұл байланыстардың барлығы да еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына, Қазақстанның жаңа саяси бағытына келіп тоғысқандай.

 

                Жолдаудың  әрбір бағытында айтылған тапсырмаларды орындау-әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Еліміз қазір тұрақты даму жолына бағыт алды, ел экономикасы көтеріліп, халықтың әл-ауқаты жаңарды. Ұлттығымыздың ұлы шаңырағы Астананың қарыштап дамуы, өркендеуі Қазақстанның мәртебесін  асқақтатып отыр, елорда-ел өркендеуінің негізі, саяси тұрақтылықтың ,экономикалық өрістеудің орталығы.  ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесін өткізу де-ел алдындағы үлкен іс. Астананың мол мүмкіндігінің тағы бір көрінісі. Елордамыз-Астананың күн санап көркейіп, өсіп, сәулеттенуі-бәріміздің  мерейіміз. Шынында Астанадай асқақ еліміздің жүрегі болмаса, дәл мұндай әлемдік маңызды міндеттер жүктелмеген болар  еді. Бұл  құрмет -Қазақстанға құрмет, Елбасымыздың әлем алдындағы асқақ абырой-беделі.           

                Бұл Жолдауда Президентіміз халық көкейіндегі мәселелерді тап басып, алдағы міндеттерді көрегендікпен  айқындап, келешігіміздің кемел  көкжиегін көрсетті. Осы реттен келгенде, Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттар әрқайсымызға үлкен міндеттер жүктейді.

                Тәуелсіздік-бүкіл ата-бабаларымыздың асқақтаған  армандары, сол үшін қазақ даласында болған  бірнеше қуғын-сүргіндер, сексен алтының желтоқсанындағы    жастарымыздың  алаңға шығып көрсеткен  ерлігі-оның оңайлықпен келмегендігінің үлкен дәлелі. Тәуелсіздіктің арқасында ынтымағымыз  бен  бірлігіміз жарасып, керегесі  кең елге айналдық .

                Еліміздің  экономикасы  өркендеп, жылдан-жылға  қуаты артып келеді. Мемлекетіміздің буыны  бекіп, қабырғалары қатайып, өз алдына дербес, тұғырлы ел болуына қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Еліміздің алдында жаңа, өршіл мақсаттар  тұр. Олардың  ең бастысы-әлемдегі барынша дамыған мемлекеттердің қатарына кіру.

                Еліміздің жаһандық саясаттағы рөлі  де айқын.  Қазақстанның  ядролық қаруды таратпаудағы көшбасшылығы басқа мемлекеттер үшін үлгіге айналды. Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып,  дамыту міндетін  белгілеуі, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлікті нығайтуы, еліміздің бүгінде мәдениетаралық  және конфессияаралық үнқатысуы халықаралық  орталығына айналуы.

                «Қазақстан-2030» Стратегиясының белгіленген мезгілінен бұрын іске асуы-Елбасының көрегендігінің айқын дәлелі.

 

Е.Сұлтанов,

аудандық Мәслихаттың депутаты.