Жолдауды жүзеге асыру міндеттері

http://turizm-hit.ru/

Елбасы өзінің  Жолдауында  «Екінші Білім беру  жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруі тиіс.

 

                Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті  медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастады.  Бұл жүйенің  тиімділігі  әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

                Медициналық сақтандыру жүйесіне  қатысушыларға кең ауқымдағы  медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік  қолдау көрсетіледі.

                Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы  керек.  Бәсекелестікті  дамыту үшін жекеменшіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең  жағдай туғызу керек.

                Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмысын  жүргізуді  тапсырамын» делінген.

                Осыған орай жуырда аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, облыстық Мәслихат депутаты Төлеу Құмарбекұлы  Сарпеков  Басқұнша, Пенжім ауылдық округтерінде   болып медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

                Негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміздің өзі - халықтың денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қорғаудың  бір түрі болып табылды. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтардың  жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.

                Сондай-ақ  Т.Сарпеков  «МӘМС іске асырудың нысандары мен артықшылықтары, МӘМС қандай халықаралық  тәжірибесі бар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды кім төлейді, сақтандыру қаражаттары қайда жіберіледі, ӘМСҚ негізгі функциялары, МӘМС шеңберінде қандай қызметтерді сақтандыру пакеті қарастырылған, МӘМС қорына қатысты мемлекет қандай кепілдіктер береді, табысы төмен немесе ешқандай табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтитын ауыл тұрғындары қалайша қор мүшесі бола алады,  «МӘМС енгізудің медициналық қызметкерлерге қандай пайдасы бар, МӘМС енгізуден күтілетін нәтижелері қандай?» деген сауалдардың барлығын бүге-шігесіне дейін тәптіштеп ауыл тұрғындарына түсіндірді.

                Алмалы ауылындағы Елтінді батыр атындағы орта мектепте өткен бұл басқосуда округ тұрғындары Т.Мұқаев, Х.Еспенбетов, Д.Әбдікәрімов және басқалары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Ал А.Розыбакиев мектебінің акт залында өткен  жиында Пенжім ауылдық округінің тұрғындары да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында тұрғындар арасында «Міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесі» туралы өз пікірлерін айтып, сауалдар қойды, жауаптар берілді.

Б.Бейсенқызы.