«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

АГроөнеркәсіптің болашағы зор

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау мақсатында республикамыздың жоғарғы лауазымды азаматтары да көпшілікпен кездесулер өткізіп, Жолдауда айтылған қағидаларды терең түсіндіріп, қарапайым халықтың сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауаптар қайтаруда.

 

            Жуырда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков ауданымызға келіп кездесу өткізді. Оған ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер мен депутаттар қатысты.

            Кездесуді аудан әкімі Б.Абдулдаев ашып, жүргізіп отырды.

            Кездесу барысында сөз алған Е.Айнабеков ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану керектігін айта  келіп,    шаруалар кооперативке бірігу арқылы мол өнім өндіруге қол жеткізе алатындығы жөнінде баяндады. Тауар өндіру, оны экспортқа шығару, өнім сапасын арттыру сияқты ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ әлемде болып жатқан саяси дағдарыстар туралы да айтып өтті.

            Ауданымызда өсірілетін «дала аруы» атанған жүгері тұқымының сапасы жөнінде сөз болып, оны алыс-жақын шетелдерден алып, оларға тәуелді болғанша жүгерінің сортты және будан тұқымдарын өзімізде өсіру керектігі айтылды.

            Бүгінгі таңда ауданымызда 5 шаруа қожалығы тұқым өндірумен шұғылданады. Олар өндірілген өнім сапасына баса назар аударулары керектігі сөз болды. Сапасыз тұқымнан мол өнім алу мүмкін емес екені баршаға аян.

            Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс екендігі жөнінде Жолдауда баяндалғанын айта келіп, ауыл шаруашылығын дамыту керектігі, сондай-ақ азық-түлік өндіруді арттыру мәселесіне де тоқталған Е.Айнабековпен болған жылы шырайлы кездесуді аудан әкімі Б.Абдулдаев қорытындылады.

Ж.Бейсебек.

      Ақпанның 27 жұлдызында аудандық әкімдікте әкімдік мәжілісі өтіп, оған аудандық мекеме, ұйым басшылары, мәслихат депутаттары, Жаркент қаласы мен ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, қоғамдық ұйым, діни бірлестік және БАҚ өкілдері қатысты.

            Әкімдік мәжілісін аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев ашып, жүргізіп отырды.

            Әкімдік мәжілісінде «Панфилов ауданында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламаның орындалу барысы туралы» аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова баяндама жасады.

            Баяндамашының айтуынша Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылы 24 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы ҚР Президентінің Жарлығына және  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 23 қазандағы «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар         жоспарын бекіту туралы»  Үкімет қаулысына сәйкес, аудан  әкімдігі аудан бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде.

            Ауданда 46 орта мектепте «Дінтану негіздері» факультативті курсы жүргізіледі. Барлығы 52 мұғалім, оның ішінде  жоғары санатты -18,  бірінші - 26, жалпы санатты - 8 мұғалім. Барлық пән мұғалімдері «Дінтану негіздері» курсынан өткізілген.

            Ауданның орта білім беру мекемелерінде: 4 колледж және 46 орта мектеп, 4 бастауыш мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды  кеңінен түсіндіру мақсатында бейнефильмдер көрсетіліп, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары мен кездесулер өтеді.

            Панфилов ауданында мемлекеттік тіркеуден өткен 39 діни бірлестіктерден 36 мешіт, 2 православ шіркеуі және 1 «Агапе» інжілдік Христиандық шіркеуі» жұмыс істеуде.

            Дәстүрлі дініміз Исламның құндылықтарын дәріптеу, халықтың діни сауатын арттыру, ел арасында деструктивті ағымдардың таралуының алдын алып, ақпараттандыру, отансүйгіштікті, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау бағытындағы мұндай шаралар барысында «Зайырлы мемлекеттегі дін», «Заңсыз кітап саудасы», «Соғысу сүннет пе?», «Исламдағы жиһад ұғымы», «Куда приводят несбывшиеся мечты», «Теріс  діни  ағымдар уағызы – заңсыз уағыз» және т.б. бейнероликтер көрсетіліп, жастарды жалған діндерден сақтандырудың негізгі жолы - дәстүрлі  дінді  насихаттау мәселелері туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, қала, ауылдық округтерге облыстан берген 90 дана ақпараттық кітапшалар, брошюралар және 140 видео таспалар тұрғындарға таратылып көрсетілді.

            Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5 бабының 4 тармағына және 9 бабының 2 тармағына сәйкес діни әдебиеттерді және діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты қызмет ететін  үй-жай  ретінде Жаркент қаласы Жмутская көшесіндегі № 29/3 мекен-жайында орналасқан дүкен белгіленген. Дүкенде 28 әртүрлі атауымен діни әдебиеттер сатылады, оның ішінде 12 кітап, 16 брошюралар мен кітапшалар және видеотаспалар, әр қайсысы 5-8 данадан  тұрады. Барлық  діни әдебиеттер  Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің дінтану сараптамасынан және Қазақстан мұсылмандары діни сараптау комиссиясынан өткен. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға белгіленген орыннан басқа жерлерге сатуға тыйым салу жөнінде тұрақты түрде рейд жүргізіледі.

            Панфилов ауданында дін саласындағы мәселелерді ақпараттық сүйемелдеу бойынша  спикерлік топ және «журналистік пул» құрылған. Осыған сәйкес арнайы          медиа-жоспары  жасалынып, аудандық «Жаркент өңірі» газетінде жарияланып келеді. «Жаркент өңірі» газетінде діни толеранттылықты қалыптастыру, экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында 72 мақаланың ішінде 23 мақаласы арнайы діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес жөнінде жарыққа шыққан. БАҚ беттерінде дін саласын насихаттайтын мақалалар аудандық ішкі саясат бөлімнің қадағалауында.

            «Сіздің жақын адамыңыз теріс діни ағымға кірген жағдайда  не істеу керек? Қауырт желі -114, сенім телефоны  8-800-080-28-95» және сәуір айында «Біздің тарихи таңдауымыз зайырлы мемлекет пен қоғам» атты көрнекі  үгіт құралдар (билбордтар) ілінді. Жаркент қаласында LED экранда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті тарапынан республикалық «Қауырт желі - 114» сенім телефонының қызметі туралы 30 секундтық бейнеролик Жаркент қаласында 5 рет көрсетілді.

            Жергілікті тұрғындар арасында діни ахуалдың жағдайын анықтау үшін 3 сауалнама жүргізіліп, қорытындысы сараланды.

            Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал, ұлтаралық қатынас тұрақты,өзара конфессияаралық келісім мен түсіністік қалыптасқан.

            Аудан көлемінде  Жаркент қаласы және ауылдық округтерде бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар толық атқарылған. Мұнан соң діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру жөніндегі  іс-шара жоспарын орындау мақсатында құрылған ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі  Құрбанбуви Ашимова, ауданның бас имамы Ұлан Сарпеков, сондай-ақ Б.Назым атындағы мектебінің директоры  Шеринай Асанова, Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры Ризайдин Айсаев сөз сөйлеп, әкімдік мәжілісінде көтеріліп отырған күрделі мәселе туралы айтып лаңкестікпен және экстремизммен күресте имамдар да, діни басшылар, діни орталықтар, мекеме, заңды орындар және ауданның жалпы жұртшылығы белсенді түрде атсалысса деген ой-пікірлерін  айтты.

            Иә, шынында да барлық мемлекет бірінші кезекте өз елінің тыныштығын қорғауды көздейтіні ақиқат. Сондықтан да лаңкестікке қарсы күрес  халықтық сипат алуы тиіс.

            Әкімдік мәжілісін аудан әкімі Б.Абдулдаев қорытындылап, мәжілісте көтеріліп отырған мәселе жөнінде мамандарға тапсырмалар жүктеді.

            Әкімдік  мәжілісінде  қаралған  мәселе  туралы  тиісті  қаулы қабылданды.

Бағдат    Тлеухан.