Бала тәрбиесі-баршаның

Ертеңгі    болашағымыз болып табылатын бүгінгі жас өркеннің тәрбиесі – қашан да басты назарда. Тәрбие негізі – талбесіктен.

            Жуырда осы бала тәрбиесіне арналған кезекті отырыс  аудан әкімі жанындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда өтті.

 

            Оны аталған комиссияның төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупова  ашып, жүргізіп отырды. Бұл кезекті отырыста Қоңырөлең ауылындағы бала тәрбиесіне салғырт қараған кейбір ата-аналардың мәселесі қаралды. Қаралған мәселе бойынша аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы  Н.Рахымбаев, комиссия мүшелері А.Жақыбай, М.Жанпейісов, Е.Қонашев сөз алып, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың маңызды рөлі жөнінде әңгімеледі.

            Отырысты аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы қорытындылап, қаралған мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

(Өз   тілшіміз).