Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын...

Жас ұрпақтың санасына сәуле шашып, көкірек көзін ашып, білім дәнін сеуіп жүрген жанның бірі – Дәнеш Рақышұлы атындағы орта мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрпейісова Дина Манапқызы. Ол түйсіну, сезіну, іздену, үйрену арқылы өз бойындағы жылт еткен дарын ұшқынын айналаға жарық шашар шұғылалы нұрға айналдырған абзал жан. Дені сау, көкірек  көзі - ашық, мақсаты – айқын. Кез-келген қиындықты жеңе алатын күш-қуаты бар.Педагогика саласын терең меңгерген, қабілет-қарымы жоғары.

 

            Мектепте директорының оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқару оңай шаруа емес. Үлкен ұжымның жетістігі көп жағдайда басшылардың  өресіне   байланысты. Дина Манапқызы оқу ісінің меңгерушісі болғалы мектептің жеткен жетістігі жетіп артылады. Мектептің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру.                      

            Бұл ретте Дина Манапқызының   сіңірген  еңбегі мол. Бауырмалдығы, айналасындағы адамдармен тіл табысуы көпке үлгі. Халық үшін атқарып жатқан еселі еңбегі уақыт көшімен өз бағасын алып, Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі Одағының «Ыбырай Алтынсарин» медалімен  марапатталды.

            Өз ісіне бекем, әр сөзіне жауапты, ел- жұртының сенімі мен құрметіне бөленген Дина Манапқызын осы марапатымен және Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, оған шығармашылық табыс, жанұясына бақыт тілеймін.

Г.Байсеитова,

Дәнеш  Рақышұлы

 атындағы орта

 мектептің бастауыш

 сынып мұғалімі.