«МӘҢГІЛІК ЕЛ» БОЛАМЫЗ

Әр  адамға     өз  Отанынан  қымбат, өз Отанынан  ардақты  не  бар? Ұлан-ғайыр даласы мен асқар таулары, асау өзендері, шалқар көлдері, қазақтай жайсаң елі бар Қазақстан  Тәуелсіздігіне, міне 26 жыл.  Бүгінде  әлем  таныған құдіретті ел  болдық. Бұл  да  болса Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  дана саясатының   арқасы.

                Мың өліп, мың  тірілген   қазағымның  бағына  туған  Тәуелсіздігімізді  тұғырлы ету -  бәріміздің  борышымыз.

                Тәуелсіз  елімізді  ұлықтап, Қазақ  елін   екі дүниедегі жалғызым деп, сол үшін  қызмет етіп,  қазақ елін мәңгілікке бастайтын тұлға  болу - әр азаматтың арманы болу керек. Сонда ғана біз Мәңгілік ел боламыз!

Құралай  Байоразова,

аудандық  соттың

судьясы.