Көшбасшы. Дара тұлға.

Ел Тәуелсіздігінің  25 жылы  ішінде  Ұлы  Көшбасшымыздың                 бастауымен жүріп  өткен ғасырға бергісіз уақытымызды таразы басына тартып, салмақтап көрелік. 1970-80 жылдары Целиноград шағын ғана шаһар болатын. Қазағы аз, қазақтығы кемшін, тыңның туын көтерген, сол діл қай жерге барсаңда сақталған және үнемі көрініс беріп, күретамырдай бүлкілдеп тұратын еді. 

 

                Бүгінде сол шағын мекенде сұлу да сымбатты Астана атты  әлемнің ару қаласы бой көтерді. Осындай әлемді  таңдандырған Астана салу - Елбасының ерлігі еді...

 

                Жағырапиялы жағынан көрші орналасқан Қытай мен Ресей секілді алып державалармен, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сынды түркі  тілдес жас мемлекеттермен шекара сызығын анықтап, бекітіп алу тым оңай жұмыс емес еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігі мен келешекті болжай алатын даналық қасиеттерінің,  аса үлкен ғаламдық беделінің арқасында және ұзақ та тынымсыз еңбектердің нәтижесінде Қазақстанның мемлекеттік  шекарасы толығымен заңды түрде рәсімделіп,  толық жабдықталды.                  Қазір Қазақстанның шекаралық әскерлерінің бақылауында 14 мың шақырымнан астам аумақ бар. Мысалға, Ресеймен шекарамыз-7200, Өзбекстанмен шекара-2150 шақырым, Қытаймен шекара-1740 шақырым,  Қырғызстанмен шекарамыз-1050 шақырым да, Түркіменстанмен шекара-400 шақырымды алып жатыр. Сол ерлік пен жасампаздық 26 жыл бойына сәтті жалғасып, Қазақстан өз Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жаһанға танымал мәртебесі биік  мемлекетке айналды. Мұны көрмеу, бағаламау мүмкін емес.

                Мемлекет басшысының Қазақстанның болашақ саясатының негізін қалаған  алғашқы қадамы  1991 жылы тамызда Семей ядролық полигонын  жабудан басталды. Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындағаннан кейін еліміз ядролық қару арсеналын жойып, бұрынғы әскери  өндірістерді конверсиялау жұмыстарын шешуге кірісті. Сонымен  кемеңгер  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен 1993 жылдың  13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының сол кездегі Жоғарғы кеңесі ядролық қаруды таратпау  жөніндегі келісімді ратификациялады.

                Елбасымыздың  жеке  өзінің  бастамасымен  Біріккен Ұлттар Ұйымы Семей полигонының жабылған күнін, яғни 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» деп жариялады. Дана көшбасшымыздың  бұл бағыттағы жігерлі де көрегендік  жұмыстары Вашингтон Саммитінде жалғасын тауып, ондағы Елбасының «Әлем. XXI ғасыр. Ядролық қауіпсіздік» манифесін БҰҰ бүгінде өзінің негізгі құжатына айналдырып отыр.

                Қазақстанның сыртқы саясаттағы өз Президентінің жетекшілігімен жүргізіп отырған дана саясатының ендігі бір жемісі мен жеңісі - еліміздің БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қабылдануы болды. Бұл жетістікті әр қазақстандық, кез келген қазақ баласы, елім деген ері білуі, бағалауы керек. Қысқасы,                        Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты тәуелсіз қазақ елін Азияның айтулы да айбарлы азулы барысқа айналдыра алған алып мемлекеттің кемеңгер көшбасшысы ретінде ғана біліп, танымымыздың осы деңгейден ғана шектеліп қалуын өз басым  дұрыс деп есептемеймін. Керісінше, тұңғыш Президентіміздің планетаралық деңгейдегі биіктерге самғап көтеріле алған, әлемдегі санаулы  тұлғалардың бірегейі екенін мақтан тұтуымыз және тағдырымызға мың алғыс айтуымыз парыз. Саналы қазақ баласы үшін бұл оның  ғұмырына жасампаздық жігер мен от берер қайнар дер едік.

                Елбасымыздың  басқаруымен осы 26 жылдың шеңберінде атқарылған ұлан-ғайыр жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан ғаламның   дамыған 30 елінің  қатарына қосылды. Елбасымыз сол жылдары  осы жасампаздық жұмыстарымен қанаттастыра Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеумен, мұнай-газ кен орындарының  ел мүдделеріне сай игерілуін де қолға алып, бұл салаларда да жеңістерге жетті. Осы жылдарда халықтың шет елдерге тұрақты тұруға жаппай кетуі және ел ішіндегі   көші-қон балансы да реттелді. Қазақстандықтар өмір сапасына қол жеткізіп, медицина қарыштап дамыды.  Бүгінде елімізде жүректі, бауырды ауыстырып салу оталары сәтті жасалуда. Ұлтаралық шиеленістер мен этносаралық  қақтығыстар қаупі мүлдем сейіліп, Елбасының  бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы жемісті жұмыс істеуде. Оның тәжірибесін барша әлем танып, үйренуде.

                Қорыта айтқанда тәуелсіздігіміздің 26 жылы ішінде Елбасымыз ғасырға бергісіз еңбектер жасап, елді  индустрияландырудың екінші бесжылдығын қолға алды. Елбасымыздың  бес институционалдық реформасы  және оны іске асыратын «100 нақты қадам» жоспарлары ел игілігін еселей түсуде. Ендеше, әр қазақ, әрбір қазақстандық Елбасы секілді ұлы реформаторды, кемеңгер Көшбасшыны  берген тағдырға мың да бір алғыс айтқаны жөн.

              Бағдат   Айтмұқаева.