Тілге көзқарас – елге көзқарас

«Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 7 бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік  тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі».

 

                Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Мемлекет қазақ тілінің қоғамдағы орнын жақсы біледі. Бұған дәлел Мемлекет басшысының Жолдауындағы мына сөздер: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ең басты құндылығымыз – туған тіліміз», «Тілге деген көзқарас – елге деген көзқарас...».

                Тіліміз жөнінде осыдан артық айту мүмкін бе? Әрине, зерделеп, көркемдеп бұдан да керемет етіп зерттеуге болар. Бірақ негізгі ой, басты түсінік осы емес пе? Демек, мемлекеттің қазақ тілі жөнінде көзқарасы дұрыс.

                Ал енді қазақ тілінің шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуі үшін, жаппай қолданыс тіліне айналуы үшін не істеу керек? Осы жерде Жолдаудағы мына сөздермен келіспеске шарамыз жоқ: «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата заңымыздағы  мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін».

                Расында да қазақ тілі ең алдымен қазаққа қажет. Басқалары, мәселен, орысқа, неміске, қытайға қазақ тілінің керегі шамалы. Тоқ етерін айтқанда, керегі де жоқ. Әр ұлт, әр халық өз тілінің көгеріп, өркен жайғанын қалайды. Өйткені, тіл жай ұсақ-түйек нәрсе емес. Тіл болса ғана ұлт, халық, ел, мемлекет болмақ.

                Туған тілдің тұғырын биіктетіп, қолдану аясын кеңейту әр қазақстандық азаматтың абзал борышы деп түсінеміз.

Бағдат   Бейсенқызы.

 

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net