БІРТҰТАС ҰЛТ БОЛУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОБАСЫ

Еліміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінде 13 сәуірде жарық көрген  Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәйегі мол мақаласына үн қосқан жиын аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтіп, оған аудан әкімдігі аппараты мен аудандық Мәслихаттың қызметкерлері мен мамандары, бөлім мен сала басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

            Жиында  аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор - бас редакторы, ақын Бағдат Айтмұқаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жайлы байыпты түрде әңгімелеп берді.

            ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы, таяу жылдардағы міндеттер туралы нақты жобаларды қамтыған маңызы зор мақаланың жас ұрпаққа берер терең тәлімдері жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Илипов, аудандық Мәслихаттың аппарат жетекшісі Мақытбек Сауранбаев, аудандық  кәсіпкерлік бөлімінің  бастығы  Оразтай  Бекмұхамет, аудан әкімідігінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сағила Теткеусізова, аудан   әкімшілігі аппаратының заңгері Гүлбан Нұралинова, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Ерғали Қонашев өздерінің орамды ой-пікірлерін ортаға салып, ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған мәні бөлек, маңыздылығы жоғары Елбасы мақаласының мәйекті тұстарын атап көрсетті.

(Өз   тілшіміз).