Балалар футболының келешегі зор

http://turizm-hit.ru/

Жақында Жаркент қаласындағы №2 спорт мектебінде Алматы облысындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 2004 жылы туылған жас жеткіншектері арасында футболдан облыстық ашық біріншілігі өтті.

                Жарыстың ашылу салтанатына облыстық арнаулы мамандандырылған балалар спорт мектебінің басшысы Сағындық Қасымжанов Жаркент өңіріне келіп, арнайы төсенішті футбол алаңы бар спорт мектебінің облыс деңгейіндегі алғаш өткізіп отырған ресми         жарыстың   тұсауын  кесіп, өз аймақтарынан озып шыққан командаларға осы аталмыш доп додасына  қатысуларымен құттықтап, сәттілік тіледі.     Сонымен       қатар                              Панфилов  аудандық  дене  шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы Ерғали Қонашев облыстың әр аудандарынан келіп отырған жасөспірімдерді  салауатты өмір салтын насихаттауға шақырып,  бұл өткізіліп отырған жарыстың «Есірткіге жол жоқ»  атты ұранмен өтіп отырғанын хабарлады.

                Жарысқа қатысып отырған сегіз команда жеребе бойынша екі топқа бөлініп, өз тобынан  үздік шығу үшін ойындарын бастап кетті.

 

                Бірінші топқа: Ұйғыр ауданы, Талдықорған қаласы, Қаратал ауданы және алаң  иелері Панфилов ауданының 12 жасар аяқдопшылары түссе, екінші топқа:  Іле ауданы, Қапшағай қаласы, Ескелді ауданы мен Жамбыл аудан командалары ойнады.

                Өзара айналымдық жүйеде ойнаған бірінші топтан барлық қарсыласынан басым болған талдықорғандықтар бірден жартылай финалдық ойындарға шықса, өз тобынан екінші болып Панфилов ауданының командасы жүлделі орындарға таласуға мүмкіндік алды.

Екінші топтан Ескелді ауданы бірінші орынмен шықса, екінші орын иесі Іле мен Жамбыл аудан командалары арасындағы кездесуден соң белгілі болды.

        Осы жарыс барысында болған жағымды жаңалықтың бірі облыстық  бас команда «Жетісу» футбол командасы Қазақстанның футбол кубогі жолында,  ел чемпионы «Астананы» жеңіп, кубок жолындағы жарысты жалғастыратыны  белгілі болды.

        Осындай шаттық сезіммен алаңға шыққан облыстың болашақ жас жеткіншектері жартылай финалында ойнаған Панфилов ауданы екінші топтың үздігі Ескелді аудан командасын 5-0 есебімен ойсырата жеңіп, артық финалдық ойынға шықты.

       Екінші   жартылай    финалдық ойында талдықорғандықтар жамбылдықтарды  «4:0»  есебімен ұтты.

                Облыстық жарыстың жүлделі үшінші орын үшін болған ойында Жамбыл мен Ескелді арасындағы кездесудің негізгі және қосымша уақыттарында есеп ашылмай,  пенальти соғу арқылы 5-4 есебі тіркеліп,  жамбылдықтардың мерейі үстем болды.

                Жарыстың финалдық бәсекесінде қайта кездескен  аудан командасы мен Талдықорған қала командасының ойын барысында жаркенттіктердің соққан бір добына,  төрт доппен жауап қайтарған талдықорғандықтар облыс футбол федерациясы тағайынған кубогты алып қайтты.

      Жарыс соңында жүлдегер командаларды марапаттау рәсімі өтті. Алматы облыстық білім және дене шынықтыру спорт басқармаларының балғын аяқдопшыларға арналған кубогі,  тиісті дәрежелі  дипломдары және медальдары табыс етілді. Сонымен қатар, үздік деп танылған      ойыншылар да марапаттқа ие болды.

                Осындай болашағынан зор үміт күттірер дарынды балаларымыздың  талаптарынан танбауларын  тілейміз.            

 

Сұлтанғазы   Қоқаби,

аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы .