«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

Жақсылық жасап жадырайық

 

    Халқымыз ежелден-ақ «Жетім көрсең жебей жүр, жетімнің көз жасын көрсетпесін» деп ұрпақ санасына құйып өсірген.  Алайда, тағдыр бүлдіршіндерімізге өмір сыйлап қуантқанымен, ата-анадан айырып өмірдің ащы дәмін татқызып жатқаны жасырын емес.  Осындай балаларды қоғамнан шеттетпеу,  оларға жан-жақты қолдау көрсету  -баршамыздың міндетіміз.

   Жуырда қаламыздағы Pizzburger пиццериясының бастамасымен Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық  түскі асын ұйымдастырды. Бұл шараға қала әкімі Ермек Нұрахметов, қала әкімінің орынбасары Айдын Келемсейіт, Луначарский атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ольга Старченко және өнерпаз оқушылар қолдау көрсетті.

 

    Ең алдымен пиццерия 50 балаға арналған түскі ас мәзірін ұсынды. Бұдан кейін Луначарский атындағы орта мектебінің оқушылары «Мейірім сыйла» концерттік бағдарламасын тарту етті.  Шара барысында мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері де өз өнерлерін ортаға салып, ән мен жырдан шашу шашты.

    Pizzburger – пиццериялар желісі. Мұндай дәмханалар Талдықорған, Қапшағай, Талғар қалаларында бар және үнемі осындай қайрымдылық шараларын өткізіп тұрады. Ал, қаламыздағы Pizzburger пиццериясы мен Boo-Boo балаларға арналған ойын қалашығы 2016 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұл жерде бірінші  қабатта  фаст-фудтан дәм тата аласыз, ал екінші қабатта балаларға қажетті барлық ойыншықтармен жабдықталған ойын алаңы орналасқан. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар өздерінің осы бастамалары арқылы көпшілікке, жас кәсіпкерлерге көмекке, жан жылуына мұқтаж адамдардың бар екенін көрсетіп, үлгі көрсеткісі келгендігін және осындай игі істердің жалғасын таба беретіндігін айтты.

   Барлық бала бақытты болуға тиіс. Мемлекеттің тұтқасын ұстайтын болашақ ұрпақтың  бақыты үшін  қолдан келген қамқорлығымызды аямау – баршамыздың борышымыз.

Жансая   Кенжебек.