«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

Әлем назары Астанадағы көзайым

Ардақты  ағайын!

                Дәл осы күндері барша Қазақстан халқының аузынан түспей, басты әңгіме арқауына айналып тұрған тарихи маңызы зор оқиға: Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі.

 

                2012   жылғы 22 қараша күні EXPO Халықаралық көрмелер Бюросы Бас Ассамблеясының Париждегі 152 сессиясында осы ұйымға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Бүкіл дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстанда, оның жас елордасы – Астанада өтетіндігі жөнінде шешім қабылданған қуанышты сәттен бастап күні бүгінге дейін Халықаралық көрменің төңірегінде әсерлі әңгіме өрбіп, оның ғажайып құрылыстары қанатын кеңге жайды да.

                ЭКСПО-ның негізгі нысаны – Халықаралық павильонның пайдалануға беріліп, көрмеге 125-ке тарта  ел мен 21 Халықаралық ұйым  тікелей қатысатындығы  да-бұл көрменің маңыздылығын ерекшелейді.

                Небір ғажайып ғаламаттарға толы, көрген адамның көзін жаулап алатын сансыз құрылыс нысандары арқа төріндегі сұлу Астананың келбетін одан әрі айшықтай түсетіндегі сөзсіз.

                Әлемге әйгі боларлық бұл көрмеден жазиралы Жетісу аймағының, оның ішінде жазиралы Жаркент өңірінің жұртшылығы да шет қалмақ емес: өздерінің лайықты үлестерін қосатын  болады.

                «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген емес пе, Халықаралық көрмеге деген  қызығушылық пен дайындық жұмыстары ауданымыз көлемінде де жүргізіліп жатыр. Көрмеге өңірімізден 10 мыңға жуық адам барып, тамашалайтын болады. Оның 320-ға  жуығы -мектеп оқушылары болмақ. Көрменің көпті қызықтырған қызметі аясында ауданымыздың кәсіпкерлік  пен ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері үш дүркін ауыл  шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысып, Жаркент топырағынан өсіп-өнген азық-түлік тауарлары мен жеміс, көкөністерін астаналықтарға тарту ететін болады. Бір мақтаныш сезімімен айтар жай, ол біздің Алтынкөл стансасынан Астанаға арнайы қатынайтын жүрдек жолаушылар поезының сапарға шығуы болып табылады.

                Қалай айтсақ та, Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келіп, дүниежүзін таңырқатып отырған бұл Халықаралық көрменің ел сүйсінер дәрежеде өтетіні және белгілі. Ендеше, кереметтері мол көрмеге қатысуға жазсын, ағайын!

                Қуаныштарыңыз ұзағынан  болсын!