2017 жылы Қазақстанда Медицина қызметкері күні «Кәсібіңе басымды ием» ұранымен өтеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтты.

 

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы мәлімдей келе, ол еліміздің барлық медицина қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында 2016 жылы кезең-кезеңмен  Мемлекеттік бағдарламаның негізгі индикаторларына қол жеткіздік деді.

«Кейінгі он жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Ана өлімі 10 жылда 3,2 есе азайды. Сәби өлімі 2016 жылы туған 1000 балаға 8,6 құрады. Жүрек-қантамыры  ауруларымен науқастану мен өлімі төмендеді. 2015 жылмен салыстырғанда қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі азайды. Он жылда жарақат пен ұланудан өлім екі есе төмендеді. 22 инфекциялық ауруларымен науқастану да азайды. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерең еңбегінің және жүздеген, мыңдаған құтқарылған өмірлердің айғағы.

«Күн сайын жарты миллионнан астам қазақстандықтар дәрігерлерге жүгініп, 8 мыңға жуық пациент стационарларда емделеді, күнделікті 1100-ден астам әйел ана аталады, тәулігіне хирургтар 2 мың 200-ден астам пациентке операциялар жасайды, күн сайын жедел жәрдем 20 мың 700 реттен астам науқастардың шақыруларына барады», - деп мәлімдеді вице-министр.

 «Мемлекеттік бағдарламаның 2016 жылғы алдын ала қорытындылары күтілетін өмір сүру ұзақтығы, халық денсаулығының индексі, халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылық деңгейі сияқты негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетеді. Бұл медицина қызметкерлерінің адал еңбегінің нәтижесі», - деп атап өтті Алексей Цой.

«Медицина қызметкерлерінің тәжирибесі, кәсіптілігі, білімдері мен шеберлігі, оларға тән адамның өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі барлық өзгерістер мен қоғамның тұрақты дамуының кепілі», - деді вице-министр.

«Ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру міндетін шешу үшін барлық жағдайлар бар. Дегенмен, денсаулық сақтау саласын жаңа сапалы деңгейге шығару үшін әрбір маман өз жұмыс орнында барынша күш салуға тиіс», - деді, сөзін қорытындылай келе Алексей Цой.

Бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралардың басталғаны туралы жарияланды. Негізгі салтанатты іс-шара 16 маусымда Астана Операда өтеді, онда «Үздік дәрігер», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік техникалық кәсіби білімі бар медицина қызметкері», «Үздік менеджер - денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы», «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Санитариялық-эпидемиологиялық саласының үздік дәрігері», «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» сияқты номинациялар бойынша атақтар беріледі.

Елімізді барлық өңірлерінде «Мен неге дәрігер мамандығын таңдадым» атты флешмоб өтеді.

Анықтама: еліміздің медицина ұйымдарында 65822 дәрігер, 158741 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net