«Бой Каната Ислама с американцем Джеймсом Кирклендом состоится 9 сентября на Экспо»

В Службе центральных коммуникаций состоялась пресс конференция с участием казахстанского боксера - Каната Ислам.  


Толығырақ...

«Қазақстанның Киберқалқанын» құру

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Киберқалқанын» құру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Брифингке Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Голобурда Дмитрий Васильевич, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының...


Толығырақ...

Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысының мәдениет күндері Астана қаласында» атты тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген...


Толығырақ...
123

Болашақтың энергиясы

Бүкіл дүниеге ел озық дүниелерін паш ететін «ЭКСПО» Халықаралық көрмесі өтетін күн де жетті.


ЭКСПО - бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. Ол адамзатты толғандыратын мәселелерді бір ортада отырып шешуге, жаңалықтар ашуға мүмкіндік береді. Көрмені өткізуге екі қала бәсекеге түсті. Олар-өзіміздің Елордамыз Астана және Бельгияның Льеж қаласы.
Көптің таңдауымен қалау біздің елге түсті.
ЭКСПО көрмесі-жер жиһан назарын Қазақстанға аударатын, әрі ұйымдастырушы елдің қарым-қабілетін көрсететін үлкен имидждік қадам.
Көрме 2017 жылдың 10 маусымынан басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтеді. Ұйымдастырушылар көрмеге байланысты шеттен 2,5 миллионға жуық қонақ келеді деп отыр.
ЭКСПО - ел беделі, шараны дұрыс қолданған жағдайда ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға, тарихымызды, мәдениетімізді, әдебиетімізді шет тілдерге аударып, келген туристерге ұсынудың оңтайлы сәті түсіп отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлік инфрақұрылым дайындау барысында, ғимараттар құрылысы кезінде еліміздің экономикасы келген туристер есебінен пайда таба алады. Шара аясында қоғамдық ұйымдарға да, мемлекеттік мекемелерге де, тұрғындарға да атқарар жұмыс көп.
Б.Тлеухан.