Ұлт тарихын ұлықтайтын мақала

Елбасымыздың таяуда  жарияланған  «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы   әрбір  қазақстандықтардың көкейінен орын алады. Шын мәнінде, бүкіл санамызды  ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызға бағыттадық.

        Сонау замандардағы Ұлы дала төсінде пайда болған бабалардан келе жатқан ұлттық мұраларымызды, мәдениетімізді терең тануға жаңа қырынан ұлықтауға  және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін, жаңа жігер берді. Сондықтан «Ұлы даланың жеті қыры» -  қазақ  елі ұрпақтарының рухани санасына әсер ететін маңызды тарихи құжат болып қалатыны сөзсіз.

      Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр. Қазақ  халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде.

     Бұл мақала  қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту.

      Тамыры сонау ежелгі замандардан бастау алатын Қазақ елі әр дәуірде де ұлы оқиғалар мен жаңалықтардың ортасында болып, әлем, адамзат  тарихының даму кезеңдерін бастан өткерді. Соның ішінде «тарих ақтаңдақтары» деп аталып кеткен ел басына күн туған сонау Ақтабан шұбырындыдан бастап, ХХ ғасырдағы отаршыл саясаттың салдарлары – ашаршылық пен репрессия сияқты зұлматтардың тарихымызда өшпес із қалдырып, халқымыздың дамып, өркендеуіне едәуір тосқауыл болғаны анық.

        Тарихқа сүйенсек, біздің еліміздің аумағында адамзаттың эволюциялық дамуына елеулі үлесін қосарлық жаңалықтар – атты қолға үйретуден бастап, тас пен металдан қажетті бұйымдар, қару-жарақ пен әшекей бұйымдар жасау қолға алынып, көршілес елдерге тарала бастаған.

          Бүгінгі әлемге танылған жаңа Қазақстан мемлекетінің арғы негізі – Ғұндар, сақтар мен үйсіндер мемлекеті, беріде құрылған Қазақ хандығы болса, әлемдік білім мен мәдениеттің ошағы болған Отырар, Сығанақ, Сауран, Жанкент, Тараз, Түркістан сияқты қалаларымыз біздің тек қана көшпелі мәдениетті ғана емес, отырықшы мәдениетті де дамытқандығын дәлелдейді.

        Жаңа әлемдегі жаңарған Қазақстан халқының алдында ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған ұлан-байтақ жерімізде дамыған, өркениетті елдердің алдыңғы легіндегі мемлекетті қалыптастыру мақсаты тұр. Ол үшін осы кезге дейін елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың өз деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс.

       Ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайды. Бұл менің мақаланы оқудан түйген ойым. Өз ойымды Елбасының «Қазақтың тарихында қазақ ұялатын ештеңе болған жоқ»,-деген сөзімен аяқтап, болашақта ұлт тарихында ұлт ұялатын еш нәрсе болмайтынына сенім білдіргім келеді.

                                    Б.Сабырбаев,

аудандық мәслихаттың

депутаты,

                  «Нұр Отан»  партиясының  фракция  мүшесі.

 

Күнтізбе

« Маусым 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net