Ұлттық ойын ұлықталды

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Панфилов ауданында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында ердің намысын қайрап, ұлттық болмысын оятатын көкпар ойыны өтті. 

      150-ден астам әр өңірден келген көкпаршылардың тартысын тамашалаған аудан әкімі Темірлан Бектасов барша көкпаршы қауымды сондай-ақ, ұлттық спортты тамашалауға жиылған аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміз тәуелсіздік алғалы халқымыздың салт-дәстүрлері қайта жаңғырғанын, Ұлттық спорт түрлері, әсіресе, ат спортын мемлекет тарапынан дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде екенін жеткізді.


     Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тараған. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз басымдыққа ие болды» деп атап өткен болатын. Қазағымыздың болмысын оятып, ұлттық келбетін айшықтайтын атойлы көкпар ойыны өте жоғары деңгейде өтті. 

     Мереке қарсаңында ауданымызда ұйымдастырылған төл ойынымыз көкпарды ұйымдастырған ауданлық әкімшілікке алғыс айтамын. Еліміздің тыныштығының кепілі болған Елбасыға рахмет. Ұлтымыздың ұлттық құндылығы ауданымызда жандануда,- дейді көкпаршы Еркін. 

    Ұлы даланың жеті қырын негізге алып, атқа міну мәдениетін ұлттық ойынымызбен үйлестіре көрсеткен төл спорттың дүбірі дүйім жұрттың көңілінен шықты. Аудан әкімі салымды көкпаршыларды қомақты сый-сияпатпен марапаттады. 

     Айта кету керек, төл спортымыз аудан әкімі Темірлан Бектасовтың бастауымен және жергілікті демеуші кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырылды. Жалпы жүлде қоры 5 млн теңгені құраған көкпарда қазандыққа 35 салым салған көкпаршы 500 мың теңгеге дейін сыйақымен марапатталса, қалған көкпаршылар өздерінің тартысты ойындарына қарай лайықты сый-сияпаттарын алды.  Ер-тұрманымыз бүтін болсын!

                                                                                                                                                                                                                           Ханағат Нұрбол,

                                                                                                                                                                                         Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

 

 

Күнтізбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net