ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Таяуда жарық көрген Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың барша әлемге танылуына түрткі болып, қайта жандануына жол ашпақ.

Бұл туралы Елбасымыз өз мақаласында: «Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады»,-деп анық әрі түсінікті етіп мәлімдеген болатын. 

   Шындығында осы мақалада айтылған тарихымыздың жеті қыры халқымыз үшін ерекше мұра. Біз күні кеше рухани жаңғыру кезеңін өткеріп, қазақ елінің мәдениеті мен әдебиетін, рухани байлыққа толы салт-дәстүрлеріміздің одан әрі жандануына жағдай жасадық. Өйткені, қарыштап дамыған жаһандану заманында ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау елді бекемдеудің ең негізгі кепілі. Және сол арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани азық  алып өсуіне жағдай жасай алдық. Ендігі кезек тарихымызды қайта жаңғыртып, алты алаштан тараған қазақ елінің атын әлемге тағы бір мәрте таныту міндеті тұр. Президент ұсынып отырған бағдарламалық мақала дәл осы міндетті орындауға бірден бір себепші болмақ.

   Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарих пен болашақты байланыстыратындығы айқын. Сонымен қатар, тарих ғылымының дамуына себепші болып, халықтың ұлт тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыра деген сенімдемін. Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өзімізді адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттың ұрпағы және мәңгілік дамуға жаңа бағыт берген мәдениеттің өкілі екенін ұмытпауы керек.

Рысалды ҚЫРҒЫЗБАЕВА,

Пенжім ауылдық округінің

 жастар  ісі  жөніндегі

әдіскер-нұсқаушысы.

Күнтізбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net