Ұлы даланың жеті қыры: «Мәңгілік елдің» құндылығы

01.01.2019 ж

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын  жариялап, ұлт тарихын танып - білудің жаңа кезеңін  бастап беріп отыр. Стратегиялық сипатқа ие бұл мақала тарихымызды түсініп, қабылдауға шақырады.  

        Елбасының нақтылап өткен «Ұлы даланың жеті қырының» әрқайсысы  қазақстандықтардың бойына ерекше мақтаныш сезімін ұялатады.   Мемлекет басшысының тарихи жаңғыртуға бағытталған ірі жобалары-жас ұрпақтың  рухани жаңаруы мен бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға мүмкіндік береді.

     Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүйелі жалғасы ретінде саналатын жаңа мақала  жаңа бағыттарды айқындап берді. Ұлт көшбасшысы Ұлы даланың жеті қырын тілге тиек ете келіп, бізге бірнеше талап қойып отырғандай. Ел игілігіне арналған маңызды мақала халықтың жүрегінен орын алары сөзсіз.  Ал ендігі міндет - алға қойылған  басымдықтарды іске асыру болып табылады. «Ел болып, ерін қолдай білген,қуаттай білген халқымыз, еліміздің өркендеу және жасампаздық жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Елбасының аталмыш  мақаласын жүзеге асыруға міндеттіміз! 

 Ұ.Қуандыққызы,

    аудандық  мәслихаттың

 депутаты.

Күнтізбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

booked.net