Ізденген жетер мұратқа

01.01.2019жыл

 Қазіргі таңдағы жаһандану  үрдісінің қарқынды даму барысында білім беру ісі еліміздің жан-жақты кемелденіп дамуына ықпал етеді.

    Елбасымыз білім беру ісіне ерекше назар аударып, мұғалімдердің қоғамдық беделі жылдан-жылға артып келеді.

    Себебі  өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, мейірімділікті, шеберлікті  қажет ететін де осы мамандық.  Е.Сыпатаев  атындағы мектебіміздің төрт мұғалімі Халықаралық экология және педагогика ғылымдар академиясы ұйымдастырған «Көшбасшы педагог-2018» байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, Астана қаласына шақырылып  «ІІІ  Ұлттық  премия»  марапаттау  рәсіміне барып қайтқан болатын. 

     Олар математика пәнінің  мұғалімі  Анархан  Мұқағалиқызы мен бастауыш сынып   пәнінің  мұғалімі  Гүлсара  Сатыбалдықызы «Білім беру ісінің үздік иегері»  төсбелгілерімен  марапатталса, қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Жанар Нұрланқызы «А.Байтұрсынов  атындағы» төсбелгісімен,  физика  пәнінің  мұғалімі  Эльвира  Молдабаевна  «Шабыт»  медалімен әрі қауымдастық  мүшелігіне  кіріп, куәлігі мен төсбелгісін  тақты. Сонымен бірге  «Көшбасшы педагаг-2018»  атағының  иегері  атты  сертификатын  алып  қайтты.  Осындай  шығармашыл, ізденімпаз  ұстаздарымыз көп болсын.

                     Кемал    Шәліпова,  

зейнеткер  ұстаз.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142774