Мектебіміздің мақтаныштары

28.01.2019ж

Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке  ұлағатты   ұстаз, білікті  басшы Тазабекова Раушан Қадырқызы  жетекшілік  етеді.

      Бүгінде оқыту үрдісінде мектеп ұжымы заманауи технологияны жан жақты қолдану деңгейлерін көтерумен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жұмысының жүзеге асуын қамтамасыз етуде.

   Сондай білім саласында ұзақ жылдан бері жемісті еңбек етіп, оқыту мен тәрбилеудің қыр - сырын терең меңгерген тарих пәнінің мұғалімі  «Ы.Алтынсарин  атындағы төс  белгі»  иегері, Мусаева Балжан Нұрмолдақызы ұлағатты ұстаз.

    Балжан Нұрмолдақызы өзінің білімділігі мен біліктілігінің арқасында, мектептің алдынғы қатарда болуына, оқушылардың биіктен көрінуіне көп үлес қосып жүр.

     «Білім бала бойына қонған нәр болса, тәрбие күн шуағынан алынған нұр іспеттес» - деп ғұлама Әл-Фараби айтқандай, егеменді өркениетті елдермен терезесін теңестіретін білім, екені белгілі. Білім кеңістігіне оқушыны бағыттаушы тұлға ретінде мұғалім, еңбегін аямай шығармашылықпен жұмыс атқарып жүрген ұстаз.

      Белесі биік, қиындығы мол облыстық пән олимпиадасында жоғарыдан көрінген 11 «А» сынып оқушысы Әдепхан Шұға  Думанқызы  ІІІ - орын иеленді. Үздік оқушы, ортасында сыйлы, «Алтын белгіге» үміткер, тарих пәнін таңдап, болашақта заңгер болу арманы. Шұғаға   алдағы ҰБТ- дан жоғарғы  бал алып, алтын белгісін ақтап, ұстаздарының еңбегін жоғары деңгейде көрсетеді деген сенімдеміз. 

 

 

Күнтізбе

« Маусым 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net