Астананың айшығы мол екен

Биыл Елордамыз – Астананың қаз тұрып, бой көтергеніне – 20 жыл толып отыр. Ел өміріндегі осынау елеулі оқиғаның ортасында болу – біз сияқты қарапайым жандардың бақыты да.

    Осындай әлеуметтік топтағы жиырма  шақты адамның басын құрап, олардың сәулетті  Астана  қаласын аралап, көруіне бар жағдайды жасаған аудан әкімдігіне, ондағы  ішкі саясат бөліміне айтар алғысымыз мол.

   Астананың  символына айналған «Бәйтерек» пен  бірлік ордасы – Пирамиданы, Хан шатыры мен  бағаналы Ақорданы көзімізбен көріп, тамсана тамашаладық. Айшығы  мол бас қаламызды көру – арманымыз еді, сол арманымыз сәтімен жүзеге асты. Елордамызда болған бес күніміз мәңгі есте қаларлық оқиға.

Тұрсынбай  Әбілқасенов,

«Нұрай» мүгедектер қоғамы

қоғамдық  бірлестігінің төрағасы.