Арқаның аруы
- Толығырақ
- Жарияланды 21.03.2018 06:44
- Автор: Super User
- Категория: Астанаға - 20 жыл
- Қаралды: 1439
Жуырда Жаркент қаласындағы Даңқ мұражайында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Сарыарқа төсіндегі ару қала» атты фото көрме өтті.
Көрмеге елімізге танымал суретшілер мен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, жерлесіміз Шолпан Заманбекованың жұмыстары қойылды. Құттықтау сөз кезегін алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Илипов сәні мен салтанаты жарасқан Астана қаласы туралы әсерлі әңгімеледі.
Шара барысында ауданымыздың көркемөнепаздары өнер көрсетіп, елордамыздың 20 жылдығына ән мен жырдан шашу шашты. Сонымен қатар Көркемсурет галереясының директоры Қайрат Қаблисанов, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Мырзағали Нұрсейіт, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Дәурен Иманханов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдіріп, мұражай ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
(Өз тілшіміз).