Ертеңі жарқын Елордам
- Толығырақ
- Жарияланды 21.03.2018 06:54
- Автор: Super User
- Категория: Астанаға - 20 жыл
- Қаралды: 1523
Ел дамуының локомотивіне айналған Астана-барша қазақтың ортақ мақтанышы. Елорда әкімі Әсет Исекешев тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз, жасыл және әлемнің ең таңдаулы қалаларының қатарына қосу үшін Астананың экономикасы қуатты,
еңсесі биік, өркендеген шаһарға айналатынын мәлімдеді.
Айта кетейін, соңғы жылдары қала тіршілігі ерекше қарқынмен дамыды. Мәселен, «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында 667 пәтер пайдалануға берілді. Бүгінде қала автопарктері 225 автобуспен толықты. «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі 90 балаға арналған жартылай стационарлы бөлім ашылды. «Балабақшаға жолдама беру жүйесі» автоматтандырылды. Астаналықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бірқатар мәдени нысандар күрделі жөндеуден өтті.
« А с т а н а - Б ә й т е р е к » монументі жаңа келбетке ие болды. Астананы 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының «20 нақты қадамы» жарияланды.
Б.ТЛЕУХАН.